12 Т А Р А У
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІКТЕР
БЕРУ МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ
Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі жəне
түрлері. Жалақы жұмыс берушінің
қызметкер алдындағы жалғыз
ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек
заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің
еңбек шығынымен
байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді
көздейді. Кепілдік төлемдер
қызметкерлердің материалдық
мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген жəне олардың
жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты
мақсаты – қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.
Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті
жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде
орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады.
Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы еңбектің
нəтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек жəне оның
нəтижелері үшін
төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда
еңбекке ақы төлеуді кепілдейді.
Кепілдік төлемдер мынадай
жағдайдарда белгіленеді:
Достарыңызбен бөлісу: