Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет112/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жалақыны төлеу тəртібі. Жалақы бір айда кем дегенде бір рет 
төленеді. Жалақыны төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық 
шарттарда көзделеді. Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке 
күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында 
жүргізіледі. 
Жұмыс берушінің кінəсінен жалақы, ал қызметкермен жеке 
еңбек шарты бұзылған кезде – оған тиесілі басқа да төлемдер 
белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде 
жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді. 
Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді 
орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта 
қаржыландыру ставкасы бойынша белгіленеді жəне төлем 
жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап əрбір 


кешіктірілген күнтізбелік күн ішінде есептеліп төленген күнмен 
аяқталады. Бұл ретте еңбек демалысы үшін ақы төлеу ол 
басталғаннан бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей 
жүргізіледі. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге 
тиесілі барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күннен 
кешіктірілмей жүргізіледі (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 76-
бабы). 
Жалақыны құқықтық қорғау, кепілдік жəне өтемақылық 
төлемдерді қоспағанда, жалақыдан ұстап қалудан, сонымен қатар 
оны төлеу тəртібі мен мерзімдерінен тұрады. 
Жалақыдан ұстап қалу жалпы ереже бойынша қызметкердің 
жазбаша келісімінің негізінде, ал келісім болмаған жағдайда – 
соттың шешімімен жүргізіледі. 
Басшылық қызметкердің келісімінсіз жалақыдан мыналарды 
ұстап қала алады: 
1) зейнетақы қорына салықтар мен салымдарды; 
2) сот шешімдерін жəне өзге де атқарушылық құжаттарды, 
соның ішінде, айыппұлды орындау үшін; 
3) жалақы есебінде берілген жұмсалмаған авансты қайтару 
үшін, қате есептің нəтижесінде артық төленген сомаларды қайтару 
үшін; 
4) қызметкерді кінəсі бойынша қызметтен босатқан кезде 
жұмыс істемеген күндері үшін; 
5) егер зиянның мөлшері айлық жалақыдан аспаса
қызметкердің кінəсі бойынша өндіріске келтірілген зиянды өтеу 
үшін. 
Қызметкердің жалақысынан ұстап қалудың жалпы мөлшері əр 
жалақыны төлеу кезінде 20 %-дан, орындау қағазы кезінде – 50 %-
дан аспауы тиіс. Бірнеше орындау қағаздары бойынша жалақыдан 
ұстап қалу кезінде қызметкердің жалақысының 50 %-ы сақталуы 
тиіс. Алайда, бұл шектеу түзету жұмыстары кезіндегі жалақыдан 
ұстап қалуға таралмайды. 
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық 
шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде өзгеше көзделмесе, 
əдетте, олардың жұмысын орындайтын жерінде жүргізілуге тиіс. 
Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (қызметтік іссапарда, 
тапсырысшының ұйымдарында жəне т.б.) жұмыс берушінің 
тапсырмасын орындаушы қызметкердің жалақысын жеткізуді 


жұмыс беруші өз есебінен қамтамасыз етуге тиіс (ҚР «ҚР еңбек 
туралы» заңының 77-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет