қолданудың тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік
орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі
жұмысқа
жатқызуды
жəне
қызметкерлерге
біліктілік
разрядтарын
беруді
жұмыс
беруші
жұмыстар
мен
жұмысшылар кəсіптерінің біліктілік анықтамалығына жəне
қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сəйкес
дербес жүргізеді.
Жалақының түсінігі. Жалақы – бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек
функциясын атқару үшін, жұмыс үшін төленетін, тараптардың
келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем
болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлем. Қазақстан Республикасының
заңдарында еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз жəне заңда
белгіленгеннен төмен емес ақы төлеу қағидасы белгіленген. ҚР
Конституциясы жəне ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін, яғни,
бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нəсіл, жас,
ұлт жəне т.б. белгілері үшін кемсітусіз
бірдей ақы төлеуді
кепілдейді.
Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысанына қарамастан,
ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай
төлемдердің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік
берген ең төмен мөлшері. Ең төмен жалақы мөлшері шектелмеген,
тек ол салықтармен реттелуі мүмкін. Нақты қызметкердің еңбегіне
ақы төлеу жұмыс берушімен арадағы өзара келісімнің негізінде
жүзеге асырылады. Əрбір қызметкердің еңбектегі табыстары оның
жеке салымына жəне еңбегінің соңғы нəтижелеріне
байланысты болады. Еңбекке ақы төлеудің нысандары,
жүйелері
жəне
тарифтері
ұжымдық
шарттармен
жəне
келісімдермен белгіленеді.
Бұл
ретте ескеретін жайт, заңда белгіленген ең төмен
мөлшерден кем емес ай сайынғы жалақы алу құқығын айлық
кезеңге есептелген еңбек нормасын орындайтын қызметкерлер ғана
иеленеді.
Ең төмен жалақы мөлшеріне қосымша ақылар мен үстеме
ақылар, сыйақылар жəне өзге де көтермелеу төлемдері енбейді. Бұл
дегеніміз, қосымша ақылардың, үстеме ақылардың, сыйақылардың
жəне өзге де төлемдердің барлық түрлері негізгі жалақының
құрамына енеді, ал бұл жалақының мөлшері заңда белгіленген ең
төмен мөлшерден кем болмауы тиіс.
Басқаша
айтар болсақ, жалақы – бұл
жұмыс істеп тапқан ақы
жəне осы қасиетімен ол жəрдемақылардан, қосымша ақылардан,
үстеме ақылардан, кепілдік жəне өтемақылық төлемдерден,
сонымен қатар, еңбектің нəтижесінде алынатын табыстан
ерекшеленеді.
Бұл жерде ескеретін маңызды жайт, жалақы – бұл
қызметкер
жұмыс істеп тапқан өнім құнының бір бөлігі ғана. Оның басқа
бөліктеріне қызметкер емес, жұмыс беруші (табыс ретінде) мен
мемлекет (жұмыс беру мен қызметкерге табыс салығын салу
арқылы) билік жүргізеді.
Қызметкерге еңбек шарты бойынша төленетін жалақы
азаматтық шарттар бойынша төленетін еңбек ақысынан
мыналарымен ерекшеленеді:
· істелінген жұмыс үшін жүйелі түрде
төленеді, ал еңбекпен
байланысты азаматтық шарттар бойынша – бұл еңбектің заттанған
нəтижесінің, яғни, бір рет төленетін еңбектің соңғы өнімінің құны;
· негізгі жəне қосымша бөліктерге (үстеме ақылар, қосымша
ақылар, сыйақылар жіне т.б.), ал азаматтық шарттар бойынша еңбекақы бұлай
бөлінбейді;
· белгілі бір құқықтық ұйымдастырушылық сипатқа ие, ал
азаматтық шарттарда, мысалы, өзіндік мердігерлік,
тапсырма
шарттары бойынша еңбекке ақы төлеуге мұндай сипат тəн емес;
· қызметкер өзінің жалақысы қалай өсуі немесе төмендеуі
мүмкін екенін алдын-ала біледі, бұл қызметкерді белсендете түседі,
ал бұл азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеуге
тəн емес;
· ең төмен жалақы мөлшері белгіленген, еңбекпен байланысты
азаматтық шарттарда ешбір шектеулер белгіленбеген.
Жалақыны құқықтық ұйымдастырудың екі əдісі бар:
орталықтандырылған (мемлекеттік) жəне орталықтандырылмаған
(локальдық). Қазіргі кезде жалақыны орталықтандырылған
мемлекеттік реттеу тек бюджеттік ұйымдар үшін қалған.
Нарықтық қатынастардың
қалыптасу жағдайында жалақы
мөлшерін шарттық реттеудің негізінде белгілеу күннен-
күнге ерекше мəнге ие болып келе жатыр. Еңбекке ақы төлеуді
белгілеудің шарттық əдісі жеке еңбек жəне ұжымдық шарттардан бастап басты
əлеуметтік-əріптестік келісімдерге дейінгі шарттардың барлық деңгейлерінде
орын алады.
Еңбекке ақы төлеуді орталықтандырылған мемлекеттік реттеу
еңбекке ақы төлеудің тарифтерін, қызметкерлердің барлық
санаттары үшін еңбекке ақы төлеуде Бірыңғай тарифтік жүйені
қолданудың негізгі ережелерін, қызметкерлердің біліктілік топтары
арасында
түрлерге
бөлінген
разряд
аралық
тарифтік
коэффиценттерді жəне т.б. мемлекеттің белгілейтінін білдіреді. Жалақыны
орталықтандырылған реттеу мемлекеттік нормалау əдісін білдіреді.
Басқаша айтар болсақ, мемлекет белгілі бір мамандық, кəсіп,
лауазым қызметкерлерінің жалақысын олардың біліктілігіне қарай
белгілейді.
Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдар
тарифтік ставкаларды еңбекке ақы төлеудің ең төмен
мөлшері ретінде пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: