Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет109/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың 
уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі. Жұмыстың 
бұл көлемін қызметкер қалыпты жұмыс жағдайларында белгілі бір 
уақыт бірлігінде орындауы тиіс. 


Жұмыстың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету міндеті 
басшылыққа жүктеледі. Басқаша айтар болсақ, басшылық 
құралдардың, механизмдердің, жабдықтардың, құрылғылардың 
ақаусыз күйін қамтамасыз етуге, қызметкерді шикізатпен, жұмысқа 
қажетті материалдармен, техникалық құжаттармен, аспаптармен
электр энергиясымен, сонымен қатар, қауіпсіз жəне қалыпты еңбек 
жағдайларын уақтылы қамтамасыз етуге міндетті. 
Еңбек нормаларына мыналар жатады: 
· жұмыс істеу нормалары; 
· уақыт нормалары; 
· қызмет көрсету нормалары; 
· ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар. 
Еңбек нормалары бірыңғай, типтік, салааралық (ведомстволық) 
жəне локальдық болуы мүмкін. Əдетте тəжірибеде типтік немесе 
салааралық 
нормалардың 
негізінде 
жасалатын 
локальдық 
нормаларды қолданады. 
Жұмыс істеу нормалары – бұл қызметкердің белгілі бір уақыт 
нормасында (сағат, күн, ауысым, апта, ай) орындауы тиіс жұмыс 
операцияларының немесе өнімнің бірлігінің белгілі бір саны. 
Мысалы, жұмыс ауысымында токарь 6 бөлшек жасауы тиіс делік, 
бұл жерде 6 (бөлшек) – жұмыс істеу нормасы. 
Уақыт нормасы – бұл қызметкердің осы кезде белгілі бір 
жұмыс операцияларын немесе өнім бірлігінің белгілі бір санын 
жасауы тиіс жұмыс уақытының саны. Мысалы, наубайшы 8 сағатта 
тəтті өнімдер шығаратын пешті № рет қосуы тиіс делік, бұл 
жердегі 8 сағат – уақыт нормасы. 
Уақыт нормалары мен жұмыс істеу нормалары бұрыннан 
қолданылып келе жатқан жəне нормалардың кең тараған түрлері 
болып табылады. Олар кесімді қызмет атқаратын қызметкерлердің 
еңбек тапсырмаларын анықтау, мерзімді қызметкерлерге беретін 
тапсырмаларды есептеу, қызметкерлер мен инженер-техник 
қызметкерлердің тұрақты жұмысын нормалау үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет