Үкіметінің
актілерінің,
мəслихаттардың
жəне
əкімшілік
басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық жəне
жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты
жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау жəне басқару органдарының негізгі
құқықтары. Ескеріп өтетін маңызды жайт, ҚР «Еңбекті қорғау
туралы» заңының 9-бабына сəйкес, мемлекеттік қадағалау жəне
бақылау органдары, олардың уəкілетті тұлғалары өздерінің
қызметінде жұмыс берушілерге,
шаруашылық органдарына,
қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың
жергілікті
органдарына
тəуелсіз
болады,
Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сəйкес əрекет етеді.
Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының уəкілетті
тұлғалары мынадай құқықтарға ие:
- меншік нысанына жəне шаруашылық жүргізуіне қарамастан
кəсіпорындарға кез келген уақытта алдын-ала ескертусіз ешбір
кедергісіз кіру;
- министрліктерден, мемлекеттік
басқарудың өзге де орталық
жəне
жергілікті
органдарынан,
кəсіпорындардан,
жұмыс
берушілерден қажетті ақпарат алу;
- кəсіпорындардың басшыларына жəне өзге де лауазымды
тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар беру;
-
кəсіпорындарды,
жекелеген
өндірістерді,
цехтарды,
учаскелерді, жұмыс орны мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата
тұру (тыйым салу);
- кəсіпорындардың лауазымды тұлғаларына, қызметкерлерін
еңбекті қорғау жөніндегі заңшығарушылық жəне
өзге де
нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін айыппұл
тағайындау, аталған тұлғаларды лауазымынан босату туралы
ұсыныстар жасау, қажет болған жағдайларда оларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту туралы мəселені шешу үшін прокуратура
органдарына материалдар беру.
Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау жəне
бақылау
органдарының өкілдеріне жүктелген функцияларды орындау үшін
барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Ал мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының
уəкілетті лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттіктерін асыра
пайдаланғаны жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңдарына сəйкес негізсіз санкцияларды қолданғаны үшін
жауапкершілікте болады.
Достарыңызбен бөлісу: