жоғары тұрған органдар тарапынан көтеремелеу шаралары
қолданылуы
мүмкін,
ордендермен,
алқалармен,
құрмет
грамотасымен марапатталып, өз мамандығы бойынша озат
қызметкер атағына иеленуі мүмкін.
Мемлекеттік наградалар азаматтардың экономика, ғылым, білім,
тəрбие, ағарту, денсаулық қорғау жəне адамдардың құқықтарын
қорғау салаларындағы ерекше еңбегі үшін көтермелеудің жоғары
нысаны болып табылады.
Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 12-
желтоқсандағы «Мемлекеттік наградалар туралы» заңында
республиканың
жоғары
наградаларына
ұсынылған
азаматтарды марапаттаудың тəртібі жəне наградалардың
тізімі бекітілген. Осы заңға сəйкес
табысты мемлекеттік,
қоғамдық, шығармашылық, қызметі үшін жəне қызметтегі
ерліктері үшін республика алдындағы еңбегін тану
мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары
мемлекеттік наградалармен марапатталады.
Мемлекеттік наградалар болып мыналар табылады: жоғары
дəрежелі белгілер – «Алтын Қыран» ордені, «Халық қаhарманы»
атағы, сонымен қатар өзге де ордендер, алқалар, құрмет атақтары
жəне Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы.
Экономика, ғылым, білім беру жəне əлеуметтік
салаларды
дамытудағы мемлекеттік жəне қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі
үшін азаматтар «Отан» жəне «Барыс» ордендарымен, «Ерен еңбегі
үшін» алқасымен марапатталуы мүмкін.
Материалдық өндіріс, бұқаралық ақпарат құралдары жəне
əлеуметтік-мəдени салаларда 10 жылдан кем емес уақыт қызмет
еткен мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қызметкері» құрмет атағымен марапатталуы мүмкін.
Экономика, қоғамдық қызмет, əлеуметтік салалардағы елеулі
жетістіктері үшін азаматтар Қазақстан Республикасының құрмет
грамотасымен марапатталады. Сонымен қатар,
шығармашылық
ұжымдар гастрольдік іссапарларының қорытындысы бойынша
халықтар арасындағы мəдени байланыстарды, достықты
жəне одақтастықты нығайтқаны үшін құрмет грамоталарымен
марапатталуы мүмкін.
Бір азамат жоғары дəрежелі белгілермен немесе белгілі бір
орденмен не алқамен екі рет марапатталмайды. Сонымен қатар,
құрмет атақтарын да қайта беруге жол берілмейді.
Қызметкер кезекті наградаға алғашқы марапаттаудан соң 5 жыл
уақыт өткеннен кейін ғана ұсынылады, алайда,
бұл ереже
көпбалалы аналарды марапаттау мен ерлік, батырлық
сияқты ерекше жағдайларға таралмайды.
Мемлекеттік наградаларға ұсынылған азаматтарды мемлекеттік
наградалармен моральдық көтеремелеудің тəртібі мен нысанын
Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, өзге де орталық жəне жергілікті атқарушы органдар
белгілейді.
Мемлекеттік наградалармен марапатталған тұлғалар ҚР
заңнамасына сəйкес тұрғын үй, зейнетақылық қамтамасыз ету жəне
емдеу-сауықтыру
салалаарында
белгіленген
жеңілдіктерді
пайдалануға құқылы.
Тəртіптік
жауапкершілік.
Тəртіптік
жауапкершіліктің
түсінігі жəне оның түрлері.
Егер қызметкерлерге еңбектегі
белгілі бір жетістіктері,
табыстары үшін қандай да бір марапаттау түрі қолданылатын
болса, еңбек тəртібін бұзғаны үшін қызметкерлер тəртіптік
жауапкершілікке тартылады.
Жалпы алғанда, еңбек тəртібін бұзу дегеніміздің өзі не? Еңбек
тəртібін бұзу – бұл қызметкердің жеке еңбек шартында көзделген
міндеттерді кінəлі, құқыққа қайшы орындамауы немесе тиісті
дəрежеде орындамауы.
Яғни, тəртіптік жауапкершілікке тартудың негізі болып еңбек
тəртібін бұзу – тəртіптік құқық бұзушылық табылады жəне
тəртіптік жауапкершілікке нақты бір тəртіптік құқық бұзушылықты
жасаған нақты бір қызметкер тартылады.
Көріп отырғанымыздай, тəртіптік жауапкершілік еңбек үрдісі
барысындағы құқыққа қайшы əрекет үшін белгіленетін заңды
жауапкершіліктің бір түрі. Тəртіптік
жауапкершілікпен қатар
жауапкершіліктің қылмыстық, əкімшілік, азаматтық-құқықтық
жəне материалдық сияқты түрлері де болады. Жауапкершіліктің
бұл түрлерінің əрқайсысы өзіндік заңнамамен реттеледі жəне өзінің
ерекше жазалау шаралары жəне оларды қолдану тəртібі болады.
Тəртіптік жауапкершілік – бұл тəртіптік теріс қылық
жасаған қызметкерге тəртіптік жаза тағайындау арқылы оның
əрекетін бағалау.
Тəртіптік жауапкершілікке тарту құқығы жұмыс
берушіге жəне оның əкімшілігіне тиесілі.
Еңбек
заңнамасында
қызметкерлердің
тəртіптік
жауаптылығының екі түрі көзделген: жалпы жəне арнайы
жауапкершілік.
Жалпы тəртіптік жауапкершілік ішкі еңбек тəртібінің
ережелерімен, еңбек заңнамасымен көзделеді. Бұл жауапкершілік
арнайы тəртіптік жауапкершілік
таралатын қызметкерлерді
есептемегенде, барлық қызметкерлерге қатысты қолданылуы
мүмкін.
Арнайы
тəртіптік
жауапкершілік
заңнамада
немесе
ведомстволық актілерде жекелген қызметкерлер санатына қатысты
белгіленеді. Мұндай актілер қатарынан «Мемлекеттік қызмет
туралы», «Судьялардың мəртебесі туралы», «Прокуратура туралы»,
«Адвокатура туралы» жəне т.б. заң актілерін атауға болады.
Арнайы
тəртіптік
жауапкершілік
жалпы
тəртіптік
жауапкершіліктен келесі белгілерімен ерекшеленеді:
1) тұлғалар шеңбері бойынша (арнайы тəртіптік жауапкершілік
тек белгілі бір қызметкерлер санатына таралады);
2) жазалау шаралары бойынша (арнайы тəртіптік жауапкершілік
ҚР «Еңбек туралы» заңының 94-бабында көзделген сөгіс жариялау,
ескерту жəне жеке еңбек шартын бұзу, яғни, қызметінен босату
сияқты шаралардан өзге қатаң сөгіс, қызметіне толық сəйкес
еместігі жөнінде ескерту, біліктілігін көтеру сияқты жазалау
шараларын да көздейді);
3) жазалау шарасын қолдану тəртібі бойынша (мысалы, судьяларға
қатысты тəртіптік жазаны қолдану тəртіптік
өндіріс бойынша
жүргізіледі. Тəртіптік өндіріс үш кезеңнен тұрады: судьяның
тəртіптік теріс қылығы жөніндегі мəліметтерді тексеру, тəртіптік
өндірісті қозғау жəне тəртіптік істі қарау);
4) тағайындалған тəртіптік жазаны шағымдау тəртібі бойынша.
ҚР «Еңбек туралы» заңының 94-бабы
Достарыңызбен бөлісу: