Еңбек арбитражының құрамына кəсіптік
одақтардың, еңбек
жөніндегі органдардың өкілдері, маман-сарапшылар жəне
өзге де
тұлғалар кіреді. Еңбек арбитражының төрағасы тараптардың
келісімімен тағайындалады.
Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын тараптар өкілдерінің
міндетті түрде
қатысуымен, ал қажет болған жағдайда өзге де
мүдделі тұлғалардың өкілдерінің қатысуымен қарайды. Дауды
қарау процедурасын еңбек арбитражы анықтайды жəне бұл
жөнінде тараптарды хабарландырады.
Еңбек арбитражы тараптардың
талаптары мен ұсыныстарын
қарастырады, сонымен қатар, қажетті құжаттар мен мəліметтерді
талап етуге құқылы, қажет болған
жағдайда мемлекеттік билік
органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын орын алуы
мүмкін əлеуметтік салдар жөнінде хабарландырады,
ұсыныстар
жасайды, ұжымдық еңбек дауын шешудің оңтайлы жолын
қарастырады.
Еңбек арбитражының шешімдері мен ұсыныстары
арбитраж құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде
оның мүшелерінің қарпайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Арбитраж мүшелерінің дауыстары теңдей бөлінген жағдайда,
төрағаның дауысы шешуші мəнге ие болады. Шешім негізделген
болуы тиіс,
жазбаша нысанда толтырылып, оған еңбек
арбитражының барлық мүшелері қол қоюы тиіс.
Егер тараптар бұл жөнінде жазбаша нысанда келісім жасаса,
еңбек арбитражының шешімі орындалуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: