Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Ұжымдық еңбек дауын делдалдың көмегімен шешу



Pdf көрінісі
бет143/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Ұжымдық еңбек дауын делдалдың көмегімен шешу. ҚР 
«Ұжымдық еңбек даулары жəне ереуілдер туралы» заңына сəйкес 
ұжымдық еңбек дауын қарастырудың кез келген кезеңінде делдалға 
жүгіне алады. Ұжымдық еңбек дауын қарастыруға делдалдың 
қатысу процедурасы дауды келісім комиссиясында, еңбек 
арбитражында қараумен салыстырғанда дербес сипатқа ие жəне 
олармен қатар жүргізілуі мүмкін. 
Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қараудың 
тəртібін дау тараптарының келісіміне негізделе отырып делдалдың 
өзі анықтайды. 
Тараптар делдал ретінде өздері үшін беделді ұйымдарды немесе 
тараптарға қатысы жоқ тұлғаларды шақыруы мүмкін. Алайда, 
барлық жағдайларда делдалдың делдалыққа қатысты келісімі 
алынуы қажет. 


Құзыретті мемлекеттік органдар жəне лауазымды тұлғалар, 
министрліктер жəне олардың жергілікті жерлердегі органдары
сонымен қатар, лауазымды тұлғалар, ғылыми қызметкерлер жəне 
тараптар үшін беделді өзге де органдар өз бастамасымен 
делдалдықты ұсына алады. 
Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге келуі. 
Ұжымдық еңбек дауының тараптары кез келген кезеңде келісімге 
келген жағдайда, аяқталмаған бітімгершілік процедуралары да 
тоқтатылады, ал дауды шешудің жағдайлары ретінде тарапатардың 
арасындағы келісімнің жағдайлары саналады. 
Егер алдын-ала ереуіл жарияланған болса, тараптардың дауды 
шешу туралы келісімге келуі ереуілдің тоқтатылуына əкеледі. 
Егер келісім комиссиясы жəне еңбек арбитражы ұжымдық еңбек 
дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттей алмаса, бұның 
себептері жазбаша нысанда еңбек ұжымына жеткізіледі. Мұндай 
жағдайда, еңбек ұжымы өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген 
өзге де тəсілдерін қолдануға құқылы (соның ішінде, ереуілге 
шығуды да). 
Қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысты 
кепілдіктері. Заңдарда ұжымдық еңбек дауын қарау жəне шешу 
процедураларына қатысушы қызметкерлерге қатысты белгілі бір 
кепілдіктер көзделген. 
ҚР «Ұжымдық еңбек даулары жəне ереуілдер туралы» заңының 
10-бабына сəйкес, келісім комиссиясының мүшелері, делдалдар, 
еңбек арбитрлары ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысу кезінде 
жұмыс берушілердің келісімімен, бір жыл бойында үш ай 
мерзімнен аспайтын орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі 
жұмысынан босатылады. 
Ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысушы кəсіподақтардың 
жəне олардың бірлестіктерінің өкілдерін ұжымдық еңбек дауын 
шешу кезінде оларға уəкілеттік берген органның алдын-ала 
келісімінсіз тəртіптік жазаға тартуға, басқа жұмысқа ауыстыруға, 
жұмыстан босатуға болмайды. 
Ереуілдер. Егер ұжымдық еңбек дауын қараушы келісім 
органдары тараптарды келісімге келтіре алмаса немесе жұмыс 
беруші бітімшершілік процедураларынан бас тартса не кесімді 
орындамаса, 
қызметкерлер 
жиналыстар, 
митингілер, 
демонстрациялар өткізуге, тосқауылдарға тұруға, соның ішінде, 
ереуілдерге шығуға құқылы. 


Қазақстан Республикасының Конституциясы жұмыс істейтін 
азаматтардың өздерінің экономикалық жəне əлеуметтік мүдделерін 
қорғауы үшін ереуілге шығу құқығын жариялайды. Алайда, бұл 
құқық тек ҚР «Ұжымдық еңбек даулары жəне ереуілдер туралы» 
заңының шегінде ғана жүзеге асырылады. Аталған заңда 
қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауын шешу тəсілі ретінде 
ереуілдерге шығу құқығы танылған. 
Ереуіл – бұл ұжымдық еңбек дауын шешу мақсатында 
қызметкерлердің еңбек міндеттерін толығымен немесе жартылай 
орындауын уақытша ұжымдық ерікті түрде тоқтатуы. 
Жұмыс беруші немесе оның өкілдері қызметкерлердің не 
олардың өкілдерінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан 
жағдайда, қызметкерлер ереуілге шығу құқығына ие. 
Бітімгершілік процедураларына қарағанда, ереуіл – бұл өз 
талаптарының орындалуына жету үшін қызметкерлердің жұмысты 
тоқтату жолымен жұмыс берушіге қысым жасауы. Ереуіл ұжымдық 
еңбек дауын шешуде ең соңғы шара болып табылады. 
Ереуілдердің негізгі себептері болып өндірістің құлдырауы
жалақы деңгейінің төмендеуі, жалақыны уақтылы төлемеу, еңбек 
заңдарын бұзу жəне т.б. табылады. 
Ереуілдер тек жұмыс берушіге ғана емес, сонымен қатар, 
қызметкерлерге, еңбек ұжымына да белгілі бір материалдық зиян 
əкеледі, себебі, бұл кезде қызметкерлер жалақы алмайды. Сонымен 
қатар, ереуілге шыққан өндірістің ғана емес, тауарды 
жеткізушілердің де, тұтынушылардың да пайдасы азаяды, тіпті, 
бүкіл халық шаруашылығы шығынға батады. Сондықтан, заңдарда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет