Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет141/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Дауды тараптардың қарауы. Бұл кезеңде жұмыс беруші еңбек 
ұжымының талаптарын оларды қабылдаған күннен бастап үш 
жұмыс күнінде қарауға жəне даудың мəні бойынша келісімге 
келуге тырысуға, ал келісімге келе алмаған жағдайда аталған 
мерзім ішінде дауды одан əрі қарастыру үшін өз өкілдерінің 
құрамын көрсете отырып шешім мен ұсыныстарын еңбек ұжымына 
жазбаша түрде ұсынуға міндетті. 
Екі не одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе 
бірлескен талаптары жұмыс берушілердің тиісті органдарына 
жіберіледі. Бұл органдар талаптарды алған күннен бастап 
күнтізбелік жеті күн ішінде оларды қарауға жəне еңбек 
ұжымдарының біріккен өкілдік органына өз шешімін жариялауға 
міндетті. 
Дауды келісім комиссиясының қарауы. Егер жұмыс берушінің 
шешімі еңбек ұжымын қанағаттандырмаса, ұжымдық еңбек дауы 
үшінші кезеңге – келісім комиссиясының қарауына өтеді. Бұл кезде 
тараптардың ешқайсысының бітімгершілік процедураларына 
қатысудан бас тартуға құқығы жоқ. Ұжымдық еңбек дауын келісім 
комиссиясының қарауы міндетті кезең болып табылады. 
Тараптардың кез келгені келісім комиссиясын құру бастамасын 
иеленуге құқылы. Келісім комиссиясын құру туралы ұсыныс 
жазбаша түрде ресімделеді жəне екінші тарапқа ұсынылады. 
Келісім комиссиясы жұмыс беруші өз шешімін жариялаған 
немесе жарияламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде
тараптардың өкілдері арасынан тең негізде құрылады. Келісім 
комиссиясын құру жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. 


Жұмыс берушіге келісім комиссиясының жұмысы үшін қажетті 
жағдайлар жасау міндеті жүктеледі, яғни, жұмыс беруші келісім 
комиссиясын жұмыс істейтін орнымен, кеңсе тауарларымен, 
қажетті құжаттармен, есеп қорытындыларымен жəне т.б. 
қамтамасыз етуге міндетті. 
Келісім комиссиясы құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті 
күн ішінде еңбек ұжымының талабын қарайды. Келісім 
комиссиясының қарауына оған дейінгі келіссөздермен немесе 
жұмыс берушінің шешімімен шешілмеген талаптар ұсынылады. 
Келісім комиссиясы өз жұмысы барысында қызметкерлермен, 
олардың өкілдерімен, басшылықпен, мемлекеттік органдармен 
кеңесуге, мамандарды, сарапшыларды шақыртып, оларды 
тыңдауға, қосымша құжаттарды талап етуге жəне т.б. құқылы. 
Келісім 
комиссиясының 
шешімі 
хаттаманың 
негізінде 
тараптардың келісімімен қабылданады, оған екі тарап та қол 
қояды. Бұл шешім міндетті күшке ие жəне осы шешімнің өзінде 
көрсетілген мерзімде жəне тəртіпте орындалады. 
Шешім тараптарға олардың өкілдері арқылы жеткізіледі. 
Келісім комиссиясының шешімін орындау мерзімі заңдарда нақты 
айқындалмаған, сондықтан, шешімнің өзінде тараптардың оны 
орындауға байланысты əрекеттері, орындау мерзімі жəне тəртібі 
ерекше аталып өтуі тиіс. 
Ұжымдық еңбек дауының тараптары келісім комиссиясында 
өзара келісімге келе алмаған жағдайда немесе жұмыс беруші 
келісім комиссиясының құрудан не оның жұмысына қатысудан бас 
тартқан жағдайда, тараптар дауды делдал арқылы немесе еңбек 
арбитражында қарау мүмкіндігіне ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет