бірдей талаптарды білдіре отырып жарияласа, онда ереуілді осы
ұжымдардың өкілдерінің тең санынан құралатын біріккен орган
басқарады.
Ереуіл салалық немесе аумақтық ауқымда жариялануы мүмкін.
Бұл жөніндегі шешім салалық
немесе аумақтық деңгейде
қызметкерлер
жəне/немесе
кəсіподақтар
өкілдерінің
конференциясында, жиналыста немесе пленумда қабылданады
жəне тиісті еңбек ұжымдарына немесе кəсіподақтарға жіберіледі.
Егер ереуіл жарияланған кəсіпорындарда жұмыс істейтін
қызметкерлердің саны тиісті салада немесе аумақта жұмыс істейтін
қызметкерлер санының жартысынан көбін құраса, ереуіл салалық
немесе аумақтық деп саналады.
Салалық немесе аумақтық ереуілді конференцияда, жиналыста,
пленумда немесе қызметкерлер өкілдерінің
өзге де сайланбалы
органымен тағайындалған орган немесе тұлға басқарады.
Белгілі
бір
саланың
немесе
əкімшілік-аумақтық
бірліктің
кəсіпорындарының қызметкерлері өз кəсіпорынында ереуіл
жариялау немесе жарияламау туралы шешімді өздері дербес
қабылдайды.
Ереуілді жариялау туралы шешімде мыналар көрсетілуі тиіс:
· тараптардың ереуілді жариялау жəне жүргізуге негіз болып
табылған келіспеушіліктерінің тізімі;
· ереуілді жүргізетін күн, орны жəне уақыты, оның ұзақтығы
жəне қатысушылардың болжамды саны;
· ереуілді басқаратын
орган органның атауы, қызметкерлердің
бітімгершілік процедуларына қатысуға уəкілетті өкілдерінің
құрамы;
· ереуілді жүргізу кезінде орындалатын қажетті жұмыстар
(қызметтер) туралы ұсыныс.
Ереуілдің басталуы туралы ескерту. Ереуіл комитеті жұмыс
берушіні ереуілді жариялайтын күнге дейін он бес күннен
кешіктірмей ереуілдің басталуы жəне
ұзақтығы туралы жазбаша
түрде ескертуге міндетті.
Жұмыс беруші тауар жеткізушілерді, тұтынушыларды, көлік
ұйымдарын, жұмысқа тапысырыс берушілерді жəне өзге де мүдделі
тұлғаларды ереуілді жариялау мүмкіндігі туралы қысқа мерзімде
жедел түрде хабарландыруға міндетті.
Ереуіл комитетінің өкілеттіктері. Ереуілді
басқарушы орган
немесе тұлға ереуіл кезінде заңдарда көзделген құқықтар шегінде
жəне өкілеттіктер негізінде əрекет етеді. Ереуіл комитетінің
міндеттеріне, сонымен қатар, қызметкерлерді ұжымдық еңбек
дауын шешу барысы туралы хабарландырып отыру да кіреді.
Ереуілді басқарушы органның құқықтары:
· жұмыс берушімен, мемлекеттік органдармен, кəсіподақтармен,
өзге де заңды жəне лауазымды тұлғалармен
арасындағы ереуілге
шыққан ұжымдардың талаптарын шешу мəселелеріне қатысты
қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіру;
· жұмыс берушілерден еңбек ұжымының мүдделеріне қатысты
мəселелер жөнінде ақпарат алу;
· еңбек ұжымының талаптарын қарау барысын бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау;
· жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауын шешу мəселесіне
қатысты келіссөздер жүргізу;
· даулы мəселелер бойынша қорытынды беру үшін мамандарды
шақыру;
· еңбек ұжымының келісімі бойынша ереуілді тоқтата тұру.
Ереуілді жалғастыру үшін дауды келісім комиссиясының,
делдалдың немесе еңбек арбитражының қарауы қажет емес. Жұмыс
беруші жəне еңбек дауларын реттеу
жөніндегі орган ереуілдің
жалғасатыны
жөнінде
үш
жұмыс
күнінен
кешіктірмей
хабарландырылуы тиіс.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөнінде
келісімге қол қойған жағдайда, сонымен қатар, ереуіл заңсыз деп
танылған жағдайда ереуілді басқаратын
органның өкілеттіктері
тоқтатылады.
Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы
барысында жұмыс берушінің, мемлекеттік органдардың жəне
қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді
қабылдауға құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: