3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін жұмыс беруші
қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті,
ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің
еңбек
қызметін растайтын құжаттарды, жеке басының куəлігін
(төлқұжатын), əлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куəлігі,
зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы
туралы куəлігі, білімі немесе кəсіби даярлығы туралы құжатты
жəне заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы.
5. Қызметкердің бірнеше жұмыс
берушімен жұмыс уақыты
ұзақтығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек шартын
жасасуға құқығы бар.
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншік
иесі немесе меншік иесі уəкілдік
берген адам немесе орган
ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде
белгіленген мерзімге жасасады.
7. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу оны
жасасу үшін көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: