3. Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін
өтемақы қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен
ауыстырылуы мүмкін.
4. Түнгі уақыттағы жұмыстың əрбір сағатына ақы бір жарым есе
мөлшерінен кем төленбейді.
74 бап. Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу
1. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудің тəртібі
мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен
белгіленеді.
2. Қызметкердің кінəсінен
бос тұрып қалған уақытқа
ақы төленбеуге тиіс.
75 бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету
нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады жəне
қызметкер үшін техниканың,
технологияның, еңбек өндірісін
ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сəйкес белгіленеді.
2. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды жəне қайта қарауды
жұмыс беруші жүргізеді.
Еңбектің
жаңа
нормаларының
енгізілетіні
туралы
қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарланады.
3. Қызметкерлердің жұмыс істеу нормаларын орындау үшін
жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге
міндетті.
4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін
жұмыс істеу
нормалары жеке еңбек шартына сəйкес он сегіз жасқа
толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына
бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге
арналған жұмыс
істеу нормаларын негізге ала отырып белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: