2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе
бөлінуін
болғызбау жəне оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің
одан əрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты
болатын шұғыл, алдын ала көтпеген жұмыстарды орындау үшін
жол беріледі.
60 бап. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы
1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны
(қызметі) мен
орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін
жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі.
2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік
үш күннен кешіктірлмей жүргізіледі.
3. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерді,
жеке еңбек,
ұжымдық шарттарда жəне жұмыс берушінің актілерінде
қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе,
қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын
жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
4. Ақы төленетін жыл сайынғы
қосымша еңбек демалысы
уəкілетті
мемлкеттік
орган
белгілейтін
өндірістердің,
жұмыстардың, кəсіптер мен қызметтердің тізбесіне сəйкес ауыр
дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті
жұмыстарды істейтін қызметкерлерге беріледі.
5. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің
талаптары мен тəртібі жеке еңбек,
ұжымдық шарттармен
белгіленеді.
6. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым
салынады.
Достарыңызбен бөлісу: