Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Жалақы төлеу мерзімдері



Pdf көрінісі
бет173/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

76 бап. Жалақы төлеу мерзімдері 
1. Жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Жалақыны 
төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылады. 
2. Жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура 
келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі. 
3. Жұмыс берушінің кінəсінен жалақы, ал қызметкерлермен 
жеке еңбек шарты бұзылған кезде – оған тиесілі басқа да төлемдер 
белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірліген кезде 
жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді. 
Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді 


орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта 
қаржыландыру ставкасы бойынша белгіленеді жəне төлем 
жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап əрбір 
кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен 
аяқталады. 
4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесілі 
барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей 
жүргізіледі. 
77 бап. Жалақы төленетін орын 
1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық 
шарт-тарда, жұмыс берушінің актілерінде өзгеше көзделмесе, 
əдетте, олардың жұмысын орындайтын жерінде жүргізілуге тиіс. 
2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (іссапарда, 
тапсырысшының ұйымдарында жəне басқаларында) жұмыс 
берушінің тапсырмасын орындаушы қызметкердің жалақысын 
жеткізуді жұмыс беруші өз есебінен қамтамсыз етуге тиіс. 
78 бап. Қызметкердің орташа жалақысын есептеу тəртібі 
Зейнетақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік 
пен босану жөніндегі жəрдемақыларды жəне басқа да төлемдерді 
есептеу үшін ұйымдар қызметкерлерінің орташа жалақысын 
есептеу 
тəртібі 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарымен 
белгіленеді. 
79 бап. Жалақыдан ұстап қалу 
Қызметкерлердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі 
бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде 
көзделген жағдайларда жүргізіледі. 
8 Т А Р А У


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет