байланысты пайдаланылмаған бөлігі тараптар арасындағы
уағдаластық бойынша ағымдағы
жұмыс жылы ішінде беріледі
немесе қызметкердің қалауы бойынша келесі жұмыс жылындағы
еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленеді.
65 бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар
Тараптардың келсімі бойынша қызметкерге оның өтініші
негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
66 бап. Жүктілігі жəне босануы бойынша демалыстар. Бала
асырап алған əйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстар
Əйелдерге жүктілігі мен босануы
бойынша босанғанға дейін
ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін елу алты
(ауыр босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда
жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап
жүргізіледі жəне демалыс əйелдің ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына
қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне жəне
босануы бойынша осы кезеңге төленген жəрдемақыны
босанғанға
дейін нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық
беріледі.
Жаңа туған нəрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған
əйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сəбидің
дүниеге келген күнінен елу алты күнге толғанға дейінгі кезеңге
(ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу
ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің
қаражаты есебінен оған
осы кезеңге жəрдемақы төленеді.
67 бап. Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналарға,
бала асырап алған əйелдерге (еркектерге) жалақысы
сақталмай берілетін қосымша демалыс
Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа əйелге оның
өтініші бойынша баласы бір жарым
жасқа толғанға дейін оған
күтім жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі.
Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны (қызметі)
сақталады.
Жаңа туған нəрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған
əйелдердің (еркектердің) өтініші бойынша сəби бір жарым жасқа толғанға
дейін оған күтім жасау үшін
жалақысы сақталмайтын
қосымша демалыс беріліп, осы кезеңде оның жұмыс орны
(қызметі) сақталады.
Бұл демалыстың сəби бір жарым
жасқа толғанға дейін кез
келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: