Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін



Pdf көрінісі
бет169/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

61 бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін 
жұмыс стажын есептеу жəне жыл сайынғы еңбек демалысын 
беру тəртібі 
1. Еңбек демалысы күндеріне дəл келетін мереке күндерін 
есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, 
қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, 
күнтізбелік күндермен есептеледі. 
2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі 
жұмыс өтіліне: 
1) жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт; 


2) жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген 
уақыт; 
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен 
расталған уақыт қосылады. 
3. Жұмыс беруші қызметкерге жыл сайын еңбек демалысын 
беруге міндетті. 
4. Жұмыс істеген бірінші жылы үшін еңбек демалысы жеке 
еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін 
беріледі. 
5. Қызметкердің қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек 
демалысы бөлініп берілуі мүмкін. 
62 бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын 
берудің кезектілігі 
1. Қызметкерлерге жыл сайын еңбек демалыстарын берудің 
кезектілігі жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесінде, 
жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді. 
2. Өндіріс қажеттеріне байланысты демалыс кестесі өзгерген 
жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының басталуынан кемінде 
екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде хабралауға міндетті. 
63 бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру 
немесе ұзарту жағдайлары 
1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы 
кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті болуы 
мен босануы бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі 
ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл орайда еңбек 
демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы 
бойынша жəрдемақы төленбейді. 
2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) тек 
қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана 
ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. 
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша 
келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің 
өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет