10 Т А Р А У
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӨТЕРМЕЛЕУ ЖƏНЕ
ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ
93 бап. Еңбегі үшін көтермелеу
Жұмыс беруші қызметкерге еңбектегі табыстары үшін
көтермелеудің əр алуан түрлерін қолдануға құқылы. Көтермелеудің
түрлері мен тəртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен жəне жұмыс
берушінің актілерімен белгіленеді.
94 бап. Тəртіптік жазалар
1. Еңбек тəртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінəсінен
оған жүктелген еңбек міндеттерінің
орындалмағаны немесе
тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тəртіптік жазалардың
мынадай түрлерін қолдануға:
1) ескерту жасауға;
2) сөгіс беруге;
3) осы Заңның 26-бабының 9) – 12) тармақшаларына сəйкес
жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Осы Заңда көзделмеген тəртіптік жазалау шараларын
қолдануға жол берілмейді.
95 бап. Тəртіптік жазалар қолдану жəне оған шағым жасау
тəртібі
1. Тəртіптік жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша
түсініктеме талап етілуге тиіс.
2. Тəртіптік жаза теріс əрекет байқалған күннен бастап бір айдан
кешіктірілмей қолданылады жəне оны теріс əрекет
жасалған
күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
3. Əрбір жолсыздық үшін бір ғана тəртіптік жаза қолданылуы
мүмкін.
4. Тəртіптік жаза қолдану туралы
бұйрық жазаға тартылған
қызметкерлерге қол қойғызылып жарияланады.
5. Тəртіптік жаза қолданылған жағдайда жұмыс беруші
жасалған теріс əрекеттің ауырлығын, оның жасалу мəн-жайларын,
қызметкердің соның алдындағы мінез-құлқын, еңбекке көзқарасын,
сондай-ақ
тəртіптік
жазаның
жасалған
теріс
əрекеттің
ауырлығынан сəйкестігін ескеруге тиіс.
6. Тəртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін
белгіленген
тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: