Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі



Pdf көрінісі
бет178/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

96 бап. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі 
1. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен 
бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер 
жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, ол тəртіптік жазасы жоқ деп 
есептеледі. 
2. Қызметкерге тəртіптік жаза қолданған жұмыс беруші оны өз 
бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының 
өтініші бойынша, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің өтініш 
жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы. 
11 Т А Р А У 
 
 
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ
 
97 бап. Еңбек дауларына қарау тəртібі 
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот 
тəртібімен қаралады. 
Еңбек 
дауларын 
соттарда 
қарау 
тəртібі 
Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгіленеді. 
98 бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар жəне оларды 
қарау тəртібі 
Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы 
қарауы мүмкін. 
99 бап. Келісім комиссиясын ұйымдастыру жəне оның 
құзыреті 
Келісім комиссиясы тараптардың бірлескен шешімі бойынша 
жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-
тең негізде құрылады. 
Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясының, ұйымның 
жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. 
Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. 
Келісім 
комиссиясын 
ұйымдық-техникалық 
жағынан 
қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. 
Келісім комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен 
хатшысын сайлайды. 


100 бап. Еңбек дауын қарау тəртібі, шешімнің қабылдануы 
мен орындалуы 
Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен 
бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нəтижелері бойынша 
келісім комиссиясының шешімі қабылданып, арыз берушіге 
беріледі. Келісім комиссиясының арыз берушінің талабын 
қанағаттандырған шешімін қарсы тарап үш күн мерзімде 
орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет