4) еңбек туралы заңдардың сақталуын
бақылаудың нысандары
мен əдістерін жетілдіру мəселелері жөніндегі шараларды əзірлеу;
5) құқық қорғау органдарымен жəне басқа да мемлекеттік
органдармен өзара ic-қимыл жасау енеді.
104 бап. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек
инспекторларының құқықтары
Ұйымдарда еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылауды
жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) осы Заңға сəйкес еңбек
жағдайларының сақталуын
бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу туралы
белгіленген тəртіппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда
ұйымдарға баруға;
2) қызметкер мен жұмыс берушіден
осы Заңда көзделген
құжаттар мен мəліметтерді алуға;
3) тəртіп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы Заңның
бұзылуын
жою туралы ұйғарымдар беруге, сотқа талап арызын
беруге;
4) анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған
құжаттарды ресімдеу кезінде белгіленген үлгідегі
фирмалық
бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: