Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Еңбек ұжымының талаптарын рəсімдеу мен мəлімдеу



Pdf көрінісі
бет197/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

2 бап. Еңбек ұжымының талаптарын рəсімдеу мен мəлімдеу 
тəртібі 
1. Еңбек ұжымының ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу 
мен өзгерту жəне еңбекке ақы төлеу, бip жағынан, қызметкерлер 
ұжымымен, екінші жағынан жұмыс беруші арасында ұжымдық 
шарттар мен басқа да келісімдерді жасасу, өзгерту жəне орындау 
мəселелері бойынша еңбек ұжымының талаптары жалпы 
жиналыста (конференцияда) осы ұжым мүшелерінің, не 
конференция делегаттарының көпшілік дауысымен жасалып, 
бекітіледі.
2. Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс 
берушіге жіберіледі.
3. Еңбек ұжымының мүдделерін ол уəкілеттік берген өкілдер 
немесе орган білдіреді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған талаптарды бірнеше еңбек 
ұжымдары қойған ретте, олардың мүдделерін өздері уəкілдік 


берген органдар да білдіреді. Кəсіптік одақтардың салалық немесе 
аумақтық органдары уəкілетті орган бола алады.
5. Ұжымдық еңбек дауларына қатысушы тараптар дауды бір-
бipiмен келісім бойынша реттеу үшін қажетті шаралар қолдануға 
тиіс.
3 бап. Еңбек ұжымының талаптарын қарау
1. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған 
күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қарап, даудың 
мəні бойынша келісімге қол жеткізуге əрекет жасауға, ал аталған 
мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан əpi 
қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып, өзінің 
шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының 
назарына жеткізуге міндетті.
2. Екі жəне одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе 
бірлескен талаптары жұмыс берушілердің (кəсіпкерлердің) тиісті 
органдарына жіберіледі, олар осы талаптарды қарауға жəне олар 
алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі 
туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға 
міндетті. 
2 Т А Р А У  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет