Ұжымдық шарттарды жасасу жəне орындау кезінде туған
даулар заңдарға сəйкес шешіледі.
7. ҰЖЫМДЫҚ EҢБEK ДАУЛАРЫ МЕН
ЕРЕУІЛДЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республнкасының Заңы 1996 жылғы
8 шілде № 20-1
Осы заң ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі мен əдістерін,
сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тəртібін
реттейтін
құқықтық негіздерді белгілейді.
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Ұжымдық еңбек даулары — ұйымдарда еңбек жағдайларын
белгілеу мен өзгертуге жəне еңбекке ақы төлеуге,
ұжымдық
шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты,
сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың,
ұжымдық шарттар мен
келісімдердің ережелерін қолдану мəселелері бойынша жұмыс
беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары
(қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер.
2. Жұмыс беруші — басшысы (əкімшілік) өкілі болып
табылатын
ұйым
(заңды
тұлға)
не
қызметкер
еңбек
қатынастарында тұрған жеке тұлға.
3. Жұмыс берушілер кepi — ұйымдар басшылары немесе
нормативтік құқықтық актілерге, ұйымның құрылтай құжаттарына
сəйкес
басқа
да
өкілетті
адамдар,
жұмыс
берушілер
бірлестіктерінің
өкілетті органдары, жұмыс берушілер уəкілдік
берген өзге де органдар.
4. Қызметкерлер өкілдері — кəсіптік одақтар органдары жəне
өздерінің құрылтай құжаттарына сəйкес өкіл болуға уəкілдік алған
олардың бірлестіктері, ұйым, филиал, өкілдік қызметкерлерінің
жиналысында (конференциясында) құрылған жəне олар уəкілдік
берген қоғамдық ынталы органдар.
5. Бітістіру рəсімдері — ұжымдық еңбек дауын алғашында
бітістіру, комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген жағдайда
— еңбек төрелігінде ретімен қарау.
6. Бітістіру комиссиясы — ұжымдық
еңбек дауын тараптарды
бітістipy жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы
арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
7. Еңбек төрелігі — бітістіру комиссиясында келісімге қол
жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уəкілетті
тұлғаларды тарта
отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар құратын,
уақытша жұмыс істейтін орган.
8. Делдал — ұжымдық еңбек дауын шешу жөнінде делдалдық
қызмет көрсету үшін оған қатысушы тараптар тартатын тұлға
немесе ұйым.
9. Epeyіл — еңбек ұжымының əлеуметтік-экономикалық жəне
кəсіптік өз талаптарының еңбек
ұжымы мен жұмыс беруші
арасындағы ұжымдық еңбек дауында қанағаттандырылуы үшін
еңбек ұжымы мүшелерінің жұмысты белгілі бір мерзімге немесе
еңбек
ұжымының
талаптарын
жұмыс
беруші
қанағаттандырғанға дейінгі мерзімге толық немесе ішінара
тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау)
түріндегі күрес шарасы.
Достарыңызбен бөлісу: