Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Ұжымдық шарт жасасу тəртібі



Pdf көрінісі
бет195/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

6 бап. Ұжымдық шарт жасасу тəртібі
Комиссия даярлаған ұжымдық шарт жобасы еңбек 
ұжымында талқылаудан өтеді Талқылау түрін еңбек ұжымы 
мүшелерінің мүдделерін бiлдірушi органдар анықтайды.
Жобаны түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып 
комиссия пысықтайды жəне тараптардың өкілетті өкілдері қол 
қояды.
Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін еңбек ұжымы оны 
жалпы жиналыста (конференцияда) бекітуі қажет. 
7 бап. Ұжымдық шарттың күші жəне қолданылу аясы
Ұжымдық шарт оған қол қойылған кезден бастап не онда 
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Шарт күшінің мерзімін 
тараптар анықтайды.
Ұжымдық шарт қысқа мерзімді (бір жылдық) жəне ұзақ 
мерзімді болуы мүмкін.
Ұжымдық 
шарттың 
қағидаларын 
жұмысқа 
жаңадан 
қабылданғандарды қоса алғанда, еңбек ұжымының барлық 
мүшесіне кəсіподаққа мүшелігіне қатыссыз қолданылады. 
 8 бап. Ұжымдық шартты мерзімінен бұрын бұзған кездегі 
кепілдіктер  


Кəсіпорынды басқару органдарының құрамы өзгерген, меншік 
иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарт күшінде қалады жəне 
тараптардың бірінің бастамасымен жаңа ұжымдық шарт 
қабылданғанға дейін қолданыла береді.
Кəсіпорын қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен, 
бөлінген, бөліскен, қайта құрылған) кезде меншік иесі (жұмыс 
беруші, кəсіпкер) қайта ұйымдастырудың бүкіл кезеңінде ұжымдық 
шартпен анықталған жұмыскерлер үшін жеке-дара жеңілдіктерді 
сақтауы, еңбек ұжымы əлеуметтік дамуының барлық мəселесінің 
шешілуін өз мойнына алуы тиіс.
Кəсіпорын таратылған кезде ұжымдық шарт таратудың бүкіл 
мерзімінде қолданылады. Бұл жағдайда еңбек ұжымы мен 
жекелеген адамдардың ұжымдық шарт бойынша талаптары 
бюджетпен, банкілермен жəне басқа да кредит берушілерімен есеп 
айырысуға 
дейін 
таратылатын 
кəсіпорынның 
мүлкінен 
қанағаттандырылады. Қаржының мөлшерін шартқа қол қойған 
кəсіподақ немесе өзге де еңбекшілер өкілді органдарымен келісе 
отырып, тарату комиссиясы анықтайды жəне ұжым бөлімшелері 
бойынша əpi мүшелері арасында бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет