Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу



Pdf көрінісі
бет194/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

4 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу
Ұжымдық шарттың жобасын əзірлеуді еңбек ұжымы өз 
мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кəсіподақ ұйымдарының жəне 
басқа да еңбекшілер қоғамдық бірлестіктерінің кеңінен 
қатысуымен жүзеге асырады.
Ұжымдық шарт тараптарының кез келгені екінші тарапқа
келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама енгізуге құқылы.
Тараптардың келссөздер жүргізуден, шарт қағидаларын 
əзірлеуден жəне қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді.
Тараптар келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрады.
Еңбек жəне əлеуметтік-экономикалық мəселелерді таңдауда 
жəне талқылауда комиссияға толық еркіндік беріледі.
Тараптар комиссияны келіссөздер жүргізу үшін қажетті 
ақпаратпен қамтамасыз етеді. Келіссөздерге қатысушылардың 
мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылатын 
мəліметтерді əйгілеуіне қақысы жоқ.
Келіссөздерге қатысушылардың осы баппен көзделмеген 
кемшіліктерін, оларды жүргізу тəртібі туралы басқа да ережелерді 
тараптар анықтайды. Келіссөздердің нəтижесі ұжымдық шарттың 
жобасы болуы тиіс.
5 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны
Ұжымдық шартпен: еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу 
жүйесі; ең төмен тарифтік нарықтар мен қызмет айлықақыларының 
мөлшері; тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты 
жұмыскерлер табысын өтеу тəртібі мен мөлшері; жұмыскерлер 
жұмысынан айырылған жағдайда оларды қорғау шаралары; 
жұмыссыздық жөніндегі жəрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту 
мүмкіндігі мен мөлшері; зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы 
жəне жартыкеш отбасыларына қосымша жеңілдіктер беру мен 


көмек көрсету; еңбек пен тұрмыс жағдайы; ерікті жəне міндетті 
медициналық 
əрі 
əлеуметтік 
сақтандыру; 
жұмыскерлерді 
жұмыспен қамту жəне қайта оқыту; өндірісті дамыту мəселелері; 
еңбек жəне өндіріс тəртібін сақтауда еңбек ұжымы мүшелерінің 
жауапкершілігі; басқа да еңбек жəне əлеуметтік- экономикалық 
мəселелер жөніндегі ережелер анықталады.
Ұжымдық шарт оның қолданылу кезеңі, орындалуын бақылау 
тəртібі, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережелерді 
қамтиды.
Еңбек заңдарының қолданылуы нақтылауды талап етпейтін 
жалпы қағидаларын ұжымдық шартқа қоспауға да болады.
Ұжымдық шарттардың ережелері еңбек ұжымдары мен олардың 
мүшелерін бұларға заңдармен берілетін құқықтарда шектей 
алмайды, заңдармен белгілеген еңбек жағдайын нашарлатпауы 
жəне əлеуметтік кепілідіктерді бұзбауы əpi оған қайшы келмеуі 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет