Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Ұжымдық еңбек дауын шешу кезіндегі делдалдар



Pdf көрінісі
бет199/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

7 бап. Ұжымдық еңбек дауын шешу кезіндегі делдалдар  
1. Ұжымдық еңбек дауын қараудың кезкелген сатысында 
тараптар делдалға жүгіне алады. Делдалдық рəсімі бiтicтipy 
комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі бітістіру рəсімдеріне қатысы 
жағынан дербес болып табылады жəне олармен қоса-қабат 
жүpгізілyi мүмкін.
2. Ұжымдық еңбек дауларын делдалдың қатысуымен қарау 
тəртібін дауласушы тараптармен келісім бойынша делдал 
белгілейді.
3. Делдал ретінде тараптар өздері үшін беделді ұйымдарды жəне 
тараптарға қатысы жағынан бейтарап адамдарды таңдайды. 
Əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық 
немесе жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия ұжымдық дауға 
қатысушы тараптардың келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу 
жөніндегі жұмысқа орталық жəне жергілікті жерлердегі атқарушы 
органдардың қауымдастықтар мен басқа да бірлестіктердің 
кəсіпорындардың, кəсіподақ органдарының басшылары мен 
қызметкерлерін, 
жұмыс 
берушілерді, 
сондай-ақ 
тəуелсіз 
сарапшыларды тарта алады. Делдалдарды сайлаудың барлық 
жағдайларында олардан делдалдыққа келісім алынуға тиіс.
4. Өз бастамасымен делдалдықты құзыретті мемлекеттік 
органдар мен лауазымды адамдар: министрліктер мен олардың 
жергілікті жерлердегі органдары, сондай-ақ олардың лауазымды 
адамдары, ғылыми қызметкерлер жəне тараптар үшін беделді басқа 
да органдар, ұйымдар мен адамдар ұсына алады.
8 бап. Ұжымдық еңбек дауы бойынша тараптардың 
келісімге жетуінің нəтижелері  


1. Ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар арасында оны 
делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келісімге қол 
жеткен барлық жағдайларда аяқталмаған бітістіру рəсімдері 
тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісім шарттары дауды 
шешудің шарттары деп саналады.
2. Дауды шешу туралы тараптар арасындағы келісімге келу 
ереуілдің егер ол жарияланған болса, дереу тоқтатылуына себеп 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет