жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің
негізінде қабылданады жəне олармен бірге біртұтас жүйені
құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық
актілер туралы» заңының 4-бабына сəйкес, Конституцияны
қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің
арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сəйкес
болады:
Қазақстандық құқықтың,
соның ішінде, еңбек құқығының
қайнар
көздерінің
арасында
ерекше
орынды
Қазақстан
Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең
жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол
тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын
заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы
келмеуі тиіс.
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сəйкес актілерге қарағанда
артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен
заңға сəйкес актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
Басқаша
айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен
өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз
болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі
болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек
құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер
бекітті. ҚР Конституциясы адам жəне азаматтың құқықтарын,
бостандықтарын жəне міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың
бəрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, əлеуметтік,
лауазымдық жəне мүліктік жағдайына,
жынысына, нəсіліне,
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция əркімнің еңбек ету
бостандығын, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз
еңбекке тыйымды жəне қауіпсіздік
пен тазалық талаптарына сай
еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы
алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығын
жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген
тəсілдерді пайдалана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын
шешу құқығын мойындады. Əркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек
шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс
уақытының
ұзақтығына, демалыс жəне мереке күндеріне, жыл
сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда
жəне заңға сəйкес актілерде сипатталады.
Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің
маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік
құқықтық актілер туралы» заңына сəйкес заң шығарушы актілерге
мыналар жатады:
· Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
· констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң
күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР
Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
·
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
нормативтік
жарлықтары;
· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
· министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік
комитеттердің нормативтік қаулылары;
орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік бұйрықтары жəне қаулылары;
· мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының жəне ҚР
Орталық
сайлау
комиссиясының
нормативтік
қаулылары
жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сəйкес актілерге қарағанда жоғары күші
болады. Бұл заңдылық қағидасының мəнінен де байқалады. Заңдар
еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек
қабілеттігі мəселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды
бекітеді, еңбек жағдайы, əлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты
маңызды мəселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың
барлығы заңға сəйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып
Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: