Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет17/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Республикасының заңдары табылады. 


ҚР Конституциясына жəне ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сəйкес заңдардың 
келесі түрлерін атап өтуге болады: 
1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін 
заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген 
тəртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің 
жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР 
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 
(33-б. 4-т.); 
2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР 
Конституциясында осылай танылған жəне Конституцияда 
белгіленген тəртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 
жылғы 16 қазандағы «ҚР мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» 
конституциялық заңы; 
3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР 
еңбек туралы» заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «ҚР халқын 
жұмыспен қамту туралы» заңы жəне т.б. 
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек 
қатынастары саласындағы заңға сəйкес актілер де танылады. 
Заңға сəйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге 
де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл – ҚР Президентінің 
нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің жəне Үкіметінің 
нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, 
мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері. 
Заңға сəйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады: 
1) заңға сəйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі 
жəне шегінен шықпауы тиіс; 
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған. 
ҚР 
Конституциясының 62-бабына 
сəйкес, 
Парламент 
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан 
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен 
Мəжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. 
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан 
кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның 
Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. 
Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы 
келмеуі тиіс. 
Заңға сəйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің 
нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР 


Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін 
мəселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 
жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік жəне еңбек тəртібін нығайту 
бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы. 
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым 
көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік 
қаулылары құрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие. 
ҚР 
Конституциясының 69-бабына 
сəйкес 
Үкімет 
өз 
құзыретіндегі мəселелер бойынша қаулы, ал Премьер-министр - 
өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында 
міндетті сипатқа ие. 
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан 
Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңының орны ерекше. Бұл 
акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың 
бүкіл кешенін реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет