17 бап. Ереуілге қатысудың салдарлары 1. Ереуілдерге қатысу (осы Заңның 14 жəне 16 баптарында
көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тəртібін
бұзуы ретінде қаралмайды жəне бұған қолданылып жүрген
заңдарда көзделген тəртіптік ықпал ету шараларын қолдануға
болмайды.
2. Ереуіл өткізілген уақытта қызметкердің жұмыс орны
(лауазымы), əлеуметтік сақтандыру жөніндегі жəрдемақы алу
құқығы, еңбек стажы сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан
туындайтын басқа да құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуіл өткізілген уақытта оған қатысқан қызметкерлердің
жалақысы сақталмайды.
3. Еңбек ұжымы немесе кəсіподақ ерікті жарналар мен
қайырмалдықтар есебінен epeyіл қорын немесе арнайы сақтық
қорын жасауға құқылы.
4. Ереуілге қатыспаған, бірақ epeyiлгe байланысты өз жұмысын
орындауға мүмкіндігі болмаған қызметкерлердің орташа жалақысы
қызметкердің кінəсіне қатысты емес бос қарап тұру ретінде,
заңдарда белгіленгеннен төмен емес мөлшерде сақталады.
18 бап. Жұмыс берушінің ұжымдық еңбек даулары туралы заңдарды бұзған үшін жауапкершілігі 1. Бітістіру комиссиясына, еңбек төрелігіне қатысудан
жалтаратын
немесе
бітістіру
органдарының
шешімдері
орындалуының кешіктірілуіне кінəлі жұмыс берушіге сот
тəртібімен айыппұл салынады.
2. Бітістіру рəсімінің нəтижесінде қол жеткен келісім бойынша
міндеттемелердің орындалмағаны үшін немесе ұжымдық еңбек
даулары жөніндегі сот шешімінің орындалмағаны үшін кінəлі
жұмыс берушіге айыппұл салынады.
3. Кəсіподақтың, қызметкерлердің басқа да өкілді органының
талап етуі бойынша меншік иесі ұжымдық еңбек дауының
туындауына кінəлі басшыларға қызметінен босатуға дейінгі ықпал
ету шараларын қолдануға құқылы.
4. Осы бапта көзделген айыппұл салу туралы шешім Қазақ KCP-
інің əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген
тəртіппен қабылданады.