Қазақстан
Республикасының
аумағында
орналасқан
кəсіпорындарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдардың еңбекті қopғayғa Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей құқығы бар.
Қазақстан Республикасының кəсіпорындарында жұмыс істейтін
шетел азаматтары мен шетелде жұмыс істейтін Қазақстан
Республикасы азаматтарының
еңбекті қopғay саласындағы
қатынастарын реттеудің ерекшеліктері мүдделі тараптардың
келісімімен белгіленеді.
3 Т А Р А У
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
11 бап. Еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды əзірлеу мен
сақтау
Мемлекет уəкілдік берілген
органдар арқылы ғылымға
негізделген стандарттар, ережелер мен нормалар негізінде
өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз
етуге қажетті талаптар
белгілейді.
Жұмыс берушілер кəсіпорындарда олардың орындалуын,
сондай-aқ ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді
орындауды
қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар
əзірлейді.
Осы Заңға сəйкес басылып шыққан нормативтік актілер жұмыс
істеушілердің өмipi мен денсаулығын өздерінде көзделген
кепілдіктерден кем түспейтін дəрежеде қамтамасыз етуге тиіс.
Кəсіпорындардың қызметкерлері тиісті заң жəне
нормативтік
актілерде, нұсқауларда, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті
қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар
талаптарын сақтауға
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: