мемлекеттік лауазым – мемлекеттік
органның нормативтік
құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен
лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;
мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік
органдағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске
асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі
қызметі;
мемлекеттік қызметші – мемлекеттік
органда заңдарда
белгіленген тəртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен
не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы
төленетін қызметті атқаратын жəне мемлекеттік міндеттері мен
функцияларын іске асыру мақсатында
лауазымдық өкілеттікті
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
лауазымды адам – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік
бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге
асыратын не
мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік
немесе əкімшілік-шаруашылық қызметкерді орындайтын адам;
лауазымдық өкілеттік – заңдарда белгіленген құқықтары мен
негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен
міндеттерге
жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен
көзделген өкілеттік;
мемлекеттік əкімшілік қызмет санаты – мемлекеттік əкімшілік
қызметшілер атқаратын, лауазымдық
өкілеттіктің көлемі мен
сипатын
көрсететін
əкімшілік
лауазымдар
жиынтығының
саралаушылық сипаттамасы;
біліктілік талаптары – мемлекеттік əкімшілік қызметті атқаруға
үміткер азаматтарға оның кəсіби даярлығының деңгейін,
құзіреттілігінің жəне нақты əкімшілік қызметке сəйкес келуін
анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы ( сайлануы),
босатылуы жəне қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын жəне
саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жауап беретін
мемлекеттік қызметші.
Достарыңызбен бөлісу: