Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын



Pdf көрінісі
бет234/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

13 бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын 
талаптар 
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 
2) республика заңнамасында мемлекеттік қызметшілердің тиісті 
лауазымдық санаттарына қатысты басқадай белгіленбеген болса, он 
сегіз жастан кіші болмауға; 
3) біліктілік талаптарына сай келетін қажетті білімі жəне кəсіби 
даярлық деңгейі болуға тиісті.
2. Мемлекеттік қызметке кіргенде азамат өзінің тапқан табысы 
жəне салық салу объектісі болып табылатын, оған өзінің меншік 
құқығы бар мүліктер туралы салық қызметі органдарына 
мəліметтер ұсынуға міндетті. 
3. Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен соң əкімшілік 
мемлекеттік қызмет атқара алады. 
4. Саяси мемлекеттік қызмет атқару үшін қойылатын қосымша 
талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. 
14 бап. Мемлекеттік əкімшілік лаузымға орналасуға 
арналған конкурс
1. Мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға арналған 
конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік
қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға арналған 
конкурсты өткізудің шарттары мен тəртібін, оның ішінде 
конкурстық комиссия құру тəртібін уəкілетті орган белгілейді. 
3. Конкурсты мемлекеттік тіл мен орыс тілінде республикалық 
бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарына конкурс 
өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ашық 
немесе жабық тəсілмен бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не 
Республика Президентінің шешімі бойынша уəкілетті орган 
өткізеді.
4. Ашық конкурсқа Қазақстан Республиксының барлық 
азаматтарының қатысуға құқығы бар.


5. Жабық конкурсқа тек мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің
ғана қатысуға құқығы бар. 
6. Конкурстық комиссияның шешімі мемлекеттік əкімшілік
лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кіруге бас тартылуға 
негіз болып табылады.
7. Конкурстық комиссияның оң қортындысын алған конкурсқа 
қатысушылардың мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға 
құқығы бар.
8. Мемлекеттік органның басшысы жарияланған лауазымға 
конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны 
қабылдауға міндетті. Бұл мемлекеттік қызметке кіру үшін заңдарда 
көзделген талаптар сақталуға тиіс.
9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бірақ 
ол мемлекеттік қызмет үшін ұсынған конкурсқа қатысушылар 
уəкілетті орган құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.
10. Кадрлар резервіне тіркелген конкурсқа қатысушылар 
конкурс өткен кезден бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан 
өтпестен тиісті мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналаса алады. 
11. Конкурстық комиссияның шешіміне заңдарда белгіленген 
тəртіппен шағым жасауға болады.
4 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет