Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Еңбек қызметі процесіндегі еңбекті қорғау



Pdf көрінісі
бет222/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

21 бап. Еңбек қызметі процесіндегі еңбекті қорғау 
құқығының кепілдігі
Қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін 
жағдай туған кезде ол жұмысты дереу тоқтатып, бұл туралы 
əкімшілікке хабарлайды, ал əкімшілік сол жағдай расталса, 
жұмысты тоқтатуға жəне осы қауіпті жою жөніндегі шараларды 
қолдануға міндетті. Мұндай жағдайда қызметкердің жұмысты 
орындаудан бас тартқаны үшін оған ешқандай тəртіптік құқықтық 
экономикалық жəне басқа санкциялар қолданылмайды, оған тəртіп 
бұзуды жөндеуге қажет болған бүкіл кезең үшін орташа жалақы 
төленеді.
Мұндай жағдайдың болу фактісін кəсіпорынның еңбекті қорғау 
қызметінің мамандары, ал жанжал туған жағдайда — мемлекеттік 
еңбек инспекциясы растайды.
əкімшіліктің еңбекті қopғay туралы заңды бұзғанын қадағалау 
жəне бақылау органдары растаған жағдайда, еңбек шарты 
(контракті) қызметкердің арызы бойынша бұзылып, оған үш айлық 
орташа жалақы мөлшерінде жəрдемақы төленуі мүмкін.
Кəсіпорынның (объектінің) жұмысы еңбек қауіпсіздігінің 
талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық 
кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.
Қызметкерден кəсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе, 
əкімшілік медициналык қорытынды негізінде оны қайта 
мамандандыру кезеңінде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, 
бipaқ он екі айдан асырмай, басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.


22 бап. Еңбекті қopғay мəселелері жөнінде қызметкерлерді 
оқыту, нұсқау беру жəне білімін тексеру  
Кəсіпорын əкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген 
тəртіппен жəне мерзімде барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау 
мəселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға, нұсқау беруге жəне 
білімін тексеруге, қайта аттестаттауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін 
тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет