Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар



Pdf көрінісі
бет227/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

2 бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар
Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы 
Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінен тұрады. 


3 бап. Мемлекеттік қызметтік принциптері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: 
1) заңдылық; 
2) қазақстандық патриотизм; 
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық жəне 
сот бұтақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет 
жүйесінің біртұтастығы; 
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды 
мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; 
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының 
мемлекеттік қызметке қол жеткізуге жəне өз қабілеттері мен кəсіби 
даярлығына сəйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатуға тең 
құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 
7) мемлекеттік қызметшілердің кəсібилігі мен жоғары 
біліктілігі; 
8) мəні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны 
тең төлеу; 
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар 
өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың 
бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік 
органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі; 
10) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу жəне 
есептілігі; 
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де 
құпия болып келетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір 
мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жəне əлеуметтік 
қорғалуы; 
13) мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, 
ынталы атқарғаны, өте маңызды жəне күрделі тапсырмаларды 
орындағаны үшін көтермелеу;
14) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін 
орындамағаны жəне өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 
жеке жауаптылығы; 
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз 
жүргізу принциптеріне негізделеді.


2. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын 
құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық 
міндеттерін атқарған кезде олардың талаптарын басшылыққа алады 
жəне саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың 
органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет