6) мемлекеттік əкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесін
жəне осы Заңға сəйкес өзге де актілерді əзірлеу жəне оларды
Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер даярлау,
қайта даярлау жəне
біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдерде
де, мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
8)
мемлекеттік
бағдарламалар
бойынша
мемлекеттік
тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды жəне мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды
үйлестіру;
9) мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызмет саласындағы
зыңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
10) мемлекеттік əкімшілік лауазымды атқаруға арналған
конкурстарды өткізу тəртібін белгілеу, сондай-ақ конкурстардың
дұрыс өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;
11) мемлекеттік органдардың Заңды жəне де нормативтік
құқықтық актілерді бұза отырып, қабылдаған шешімдерінің күшін
жою туралы ұсыныстар шығару;
12) мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік қызмет туралы
заңдардың
қолданылу
мəселелері
бойынша
мемлекеттік
органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-əрекеті мен
шешіміне жасалған шағымдарын қарау;
13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгіну;
14) мемлекеттік қызмет мəселелері жөніндегі халықаралық
шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледі.
2. Мелекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай
жүйесін уəкілетті орган бағынысты аумақтық бөлімшелер құрады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уəкілетті
орган белгілеген
құзырет шегінде жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің
шешімдері бұйрықтар нысанында ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: