Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары



Pdf көрінісі
бет230/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

8 бап. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 
Мемлекеттік қызметшінің: 
1)Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен жəне кепілдік берілетін құқықтар мен 
бостандықтарды пайдалануға; 
2) өз өкілеттігі шегінде мəселелерді қарауға жəне олар бойынша 
шешімдерін қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды 
адамдардың оларды орындауын талап етуге; 
3) белгіленген тəртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін 
қажетті ақпарат пен материалдар алуға; 
4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тəртіппен 
меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 
5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына 
сəйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дəл белгілеуді 
талап етуге; 
6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, 
өзге де лауазымды адамдар жəне азаматтар тарапынан өзіне əділ
жəне құрметпен көзқарас жасалуына; 
7) өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тəжірибесіне жəне 
осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуын 
жəне еңбегіне ақы төленуіне; 
8) тиісті бюджет қаражаты есебіннен қайта даярлануға қайта 
мамандануға жəне біліктілігін арттыруға; 
9) 
өзінің 
мемлекеттік 
қызмет 
өткеруіне 
қатысты 
материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда 
жеке түсініктеме беруге; 
10) біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал 
орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға; 
11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда 
қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге; 


12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз 
жəне жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына; 
13) əлеуметтік жəне құқықтық қорғалуға; 
14) мемлекеттік қызметпен өз қалауы бойынша босауға; 
15) зейнетақымен жəне əлеуметтік қамсыздандырылуға; 
16) жоғары тұрған мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде 
ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет