4.
Егер сынақ мерзімі өтіп, мемлекеттік əкімшілік қызметші
мемлекеттік қызметті жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып
саналады жəне сынақ мерзімі
мемлекеттік қызмет өтілуіне
есептеледі. Одан кейінгі жұмыстан босатуға заңдарда көзделген
негіздер бойынша ғана жол беріледі.
16 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді аттестаттау
Мемлекеттік əкімшілік қызметшілер олардың кəсіби
даярлығы,
құқықтық мəдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін
анықтау мақсатында атестаттау өтеді. Мемлекеттік əкімшілік
қызметшілерді атестаттауды жүргізудің тəртібі
мен талаптарын
уəкілетті органның ұсынуы бойынша Республика Президенті
бекітеді.
17 бап. Жұмыс уақыты
1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің
жұмыс уақытының
ұзақтығы осы заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып,
Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сəйкес белгіленеді.
2. Тұтас алғанда мемлекеттік органның немесе
оның жекелеген
бөлімшелерінің қалыпты (үздіксіз) жұмысы əрі қарай жедел
атқарылуына байланысты болатын шұғыл жəне күні
бұрын
болжанбаған жұмысты орындау үшін орган басшысының жазбаша
үкімі бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сəйкес
өтілетін, демалыс жəне мереке күндері қызметке келуге міндетті
жекелеген мемлекеттік əкімшілік қызметшілер тартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: