19 бап. Мемлекеттік қызмет өткерудің өзге де мəселелері
Мемлекеттік қызметтен өтудің осы Заңмен реттелмеген өзге де
мəселелері заң актілерімен, уəкілетті орган ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті
бекітетін Мемлекеттік
қызмет өткеру тəртібі туралы ережемен реттеледі.
20 бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі кадрлар
резерві
1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің лауазымдарға
орналасуға арналған кадрлар резервін уəкілетті
орган мен оның
аймақтық бөлімшелері қалыптастырады.
Кадрлар резерві:
конурстық іріктеуге қатысқан жəне конкурстық комиссия
кадрлар резервіне тіркеу үшін ұсынған азаматтардан;
мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлаудың
мемлекеттік бағдарламалары бойынша
мемлекеттік тапсырыс
негізінде оқудан өткен азаматтар;
мемлекеттік органдар кəсіби деңгейін көтеру мақсатында халықаралық
ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге
жұмысқа жіберген
азаматтардан жасақталады.
2. Кадрлар резервіне тіркелген азаматтар бір жыл ішінде
конкурстан өтпестен мемлекеттік органдардағы тиісті мелекеттік
əкімшілік лауазымға тағайындалуы мүмкін.
3. Кадрлар резервін қалыптастыру жəне
олармен жұмысты
ұйымдастыру тəртібі уəкілетті органның ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік
қызметтің кадрлар резерві туралы ережемен реттеледі.
5 Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: