Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет26/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері. Бұл 
құқықтар мен міндеттер ҚР Конституциясында жəне еңбек 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға 
еңбекке құқық, мемлекетпен кепілденген ең төменгі жалақыға 
құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқық, 
кəсіби 
дайындыққа 
жəне 
біліктілігін 
көтеруге 
құқық, 
кəсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тəртібін сақтау міндеті, еңбек 
нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау 
міндеті жəне т.б. жатады. Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек 
құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге 
таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер қызметкерлердің еңбек 
қатынастары жəне еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын анықтайды. 
Статуттық құқықтар мен міндеттердің мазмұны əрекет ету, талап 
ету, 
міндеттеу, 
құқықтар 
мен 
міндеттерді 
пайдалану 
мүмкіндіктерінен жəне еңбек құқығының өзге де субъектілерінің 
мүдделері мен қажеттіліктерін белгіленген шекте қанағаттандыру 
міндетінен көрініс табады. 
Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне ерекше 
кепілдіктері келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен 
кепілденген, екіншіден, заңдар еңбек құқығы субъектілерінің 
құқық бұзушылықтарының алдын-алады; үшіншіден, міндетті 
тұлғалардың əрекет ету шектерін белгілейді; төртіншіден, аталған 
құқықтарды бұзатын əрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді 
жəне бесіншіден, кінəлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының 
нəтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. 


Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттерін заңды 
тұрғыдан кепілдеудің өзіне тəн ерекшелігі болып осы кепілдіктерді 
жүзеге асыруға қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің 
заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары мен 
кəсіподақтардың қатысуы табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет