Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Еңбек ұжымының функциялары жəне өкілеттіктері



Pdf көрінісі
бет31/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Еңбек ұжымының функциялары жəне өкілеттіктері. 
Функциялар – бұл еңбек ұжымы қызметінің негізгі бағыттары. 
Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады: 
- бірлескен еңбекті ұйымдастыру, еңбек жағдайы мен 
қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту; 
- кəсіпорынды басқаруға қатысу; 
- мемлекеттік-саяси өмірге араласу; 
- өз мүшелерін еңбек жəне өнегелік тұрғысынан тəрбиелеу, 
еңбек тəртібін нығайту. 
Еңбек ұжымы мен ұйымның құқықтық мəртебесі тең болады. 
Кəсіпорынның, ұйымның құқықтық мəртебесі азаматтық құқықпен 
анықталса, еңбек ұжымының құқықтық мəртебесі еңбек 
құқығының 
ережелерімен анықталады. 
Еңбек 
ұжымының 
өкілеттіктері жəне өзін-өзі басқаруы оның құқықтық мəртебесін 
құрайды. 
Өкілеттіктер – бұл еңбек ұжымының құқықтарына қарағанда əлдеқайда кең 
түсінік. Өкілеттіктер еңбек ұжымының құқықтарын да, міндеттерін де, оның 
қызмет ету саласын да, функцияларын да қамтиды. 
Еңбек ұжымының өкілеттіктері ретінде олардың өз құқықтары 
мен міндеттерін орындауына байланысты заңда бекітілген 
əрекеттері танылады. 
Еңбек ұжымының міндеттері: 
- жоғары өнімділікті қамтамасыз ету; 
- ҚР заңдары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау; 
- шарттық міндеттемелерді орындау; 
- еңбектің тиімділігі мен сапасын арттыру; 
- еңбек тəртібін нығайту. 
Мемлекеттік-саяси сипаттағы өкілеттіктерге мыналар жатады: 
- жергілікті органдардың шешімдерінің жобаларын қарастыруға 
жəне талдауға құқылы; 
- билік органдарына үміткерлерді ұсынуға құқылы; 
- олардың есептерін тыңдауға құқылы жəне т.б. 
Əлеуметтік-экономикалық сипаттағы өкілеттіктерге мыналар 
жатады: 
- құрылтайшылармен бірлесе отырып, жарғыға енгізілген 
өзгертулер мен толықтыруларды қарастыру жəне талқылау; 
- меншік нысанын өзгерту жөнінде шешім қабылдау; 


- еңбек тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базаны 
нығайту, өндірістік ақауларды болдырмау, машиналарды
жабдықтарды тиімді пайдалануға жəне т.б. қатысты шараларды 
бекіту жəне жүзеге асыру. 
Еңбек ұжымының еңбек саласындағы өкілеттіктері: 
- ұжымдық шартты бекіту; 
- басшылықпен бірлесе отырып, ішкі тəртіп ережелерін бекіту; 
- еңбек жəне тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты шараларды 
ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; 
- ереуілдерге шығуға жəне ұжымдық еңбек дауларын шешуге 
қатысты тиісті органдарға шағымдануға құқылы. 
Əлеуметтік даму жəне тұрмыс жағдайына қатысты өкілеттіктер: 
- қызметкерлердің коммуналдық, тұрмыс жағдайы мен 
медициналық қызмет көрсетілу жағдайын, қоғамдық тамақтану
көлік жəне т.б. мəселелерді талқылау; 
- зейнеткерлердің жəне Ұлы Отан соғысына қатысқан 
ардагерлердің жағдайына көңіл бөлу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет