өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға əкеп соғатын
өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің сенім білдірген
басқаруға берілген
мүліктен, соның ішінде сыйақы, дивиденттер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден
жəне басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс
алуға құқығы бар.
3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік
қызметшіге өзінің жақын туыстары ( ата-анасы, жұбайы, аға-інісі,
апа-сіңілілері, жұбайының ата-аналары мен балалары) атқаратын
қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
4. Мемлекеттік қызметке:
1) белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекетке
қабілеті шекетеулі деп танылған;
2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару
құқығын айырған;
3) біліктілік талптарында тиісті қызметтерді атқару үшін
денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгіленген реттерде
медициналық мекеменің қорытындысына сəйкес
лауазымдық
өкілеттікті орындауға кедергі келтіретін науқасы бар;
4) өзінің мəртебесін жəне соған негізделген беделін жеке
басшылық, топтық жəне өзге де қызметтік емес мүдделерге
пайдалануға алып келуі ықтимал əрекеттерге жол бермеу
мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас
тартқан;
5) мемлекеттік қызметкер кірер алдында бір жыл ішінде
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тəртіптік
жауапкершілікке тартылған;
6) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана
құқық бұзушылығы үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза
қолданылған;
7) мелекеттік қызметке кіру уқытына
өтелмеген немесе заңда
белгіленген тəртіппен алынбаған соттылығы бар адамдарды
қабылдауға болмайды.
5. Аталған мəліметтерді табыс етпеу немесе бұрмалау
мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартылу үшін негіз болып
табылады.