Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу



Pdf көрінісі
бет238/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

23 бап. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу 
1. Мемлекеттік қызметшілер лаузымдық міндеттерін үлгілі 
орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды жəне 
күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін жəне жұмыстағы басқа 
да жетістіктері үшін: 
біржолғы ақшалай сыйақы беру; 
алғыс жариялау; 


бағалы сыйлықтар мен марапаттау; 
сондай- ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген 
көтермелеудің өзге де нысандары арқылы көтермеленуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшілер ерекше еңбек сіңіргені үшін 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен 
марапатталады.
24 бап. Мемлекеттік қызметшілерді əлеуметтік қорғау 
шаралары 
1. Мемлекеттік қызметкерлер заңдарда белгіленген тəртіп 
бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
2. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік 
қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін 
беріледі. Жер учаскесін беру шарттарын Республика Үкіметі 
белгілейді.
3. Мемлекеттік қызметшілер жəне олармен бірге тұратын 
отбасы мүшелері белгіленген тəртіппен тиісті мемлекеттік 
денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді 
пайдаланады.
4. 
Мемлекеттік 
орган 
таратылған 
немесе 
қайта
ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік əкімшілік қызметшілер
мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл жұмыс өтіліп болған 
жағдайда, олардың біліктілігіне сəйкес жаңадан құрылған не басқа 
мемлекеттік органда жұмыспен қамтамасыз етіледі, не мемлекеттік 
əкімшілік қызметшілердің таңдауымен орташа төрт айлық 
жалақысы мөлшерінде шығу жəрдемақысы төленеді.
Мемлекеттік органның штаты (саны) қысқарған жағдайда
мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік органдардағы жұмыс өтіліп 
үш жылдың кем болмаған кезде, төрт орташа айлық жалақысы 
мөлшерінде шығу жəрдемақысын төлеу жүргізіледі.
5. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы 
мүшелеріне мемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша 
үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жəрдемақы төленеді
бұл орайда жəрдемақының мөлшері заңдарда белгіленгеннен төмен 
болмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет