Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет237/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 
21 бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу 
1. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне төленетін ақы 
қызметтік міндеттерін сөзсіз жəне тиянақты атқару үшін жеткілікті 
материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды 
білікті жəне тəжірбиелі кадрлармен жасақтауға жəрдемдесуге, 
олардың адал да бастамашыл еңбегін ынталандыруға тиіс. 


2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу 
жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу 
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекке ақы 
төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
3. 
Мемлекеттік 
əкімшілік 
қызметшілердің 
жалақысы 
республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен 
не Ұлттық Банк қаржысынан төленеді. 
Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны, сондай-ақ осы 
Заңда көзделген өзге де кепілдіктерді, жеңілдіктерді жəне 
өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшін негіз бола алмайды.
4. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің жалақысы мен оларға 
төленетін басқа да төлемдер заңдарда белгіленген тəртіппен
индекстелуге тиіс.
22 бап. Мемлекеттік қызметшілердің демалысы 
1. Мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін екі лауазымдық 
айлықақысы мөлшерінде жəрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз 
күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайын демалыс беріледі. 
2. Мемлекеттік қызметшілердің қалауы бойынша жыл сайынғы 
ақы төленетін демалыс оларға бөліп-бөліп берілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметшіге жалақысы сақталмайтын демалыс 
берілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілер мемлекеттік орган 
басшысының шешімі бойынша жыл сайынғы немесе қосымша 
демалыстан шақыртылып алынуы мүмкін. Пайдаланылмаған 
демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік əкімшілік қызметшіге тиісті 
жылдың басқа кез келген уақытында беріледі не келесі жылғы 
демалысына қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет