27 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік
қызметті тоқтатушының негіздері
1. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті
тоқтату үшін:
1) олардың өз тілегі бойынша
жұмыстан босату туралы арыз
беру;
2) келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда көзделген негіздер
бойынша келісім-шарттың бұзылуы;
3) мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің өз табысы мен мүлкі
туралы жалған мəлімет беру;
4) осы заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;
5) меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенім білдірген басқаруға
бермеуі;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасау;
8) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік
əкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
9) аттестаттаудың теріс нəтижелері;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында көзделген
өзге де негіздемелер негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді
қызметтен босатуды
мемлекеттік органының мемлекеттік əкімшілік лауазымға
қабылдауға құқығы бар тиісті
лауазымды адамды заңдарда
белгіленген тəртіппен жүргізеді.
3. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттік
əкімшілік қызметшінің уəкілетті
органға шағымдануға, сондай-ақ
өзінің құқықтары мен бостандықтарын
сот арқылы қорғауға
құқығы бар.
4. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ауысуы мемлекеттік
əкімшілік қызметшілердің жаңадан
тағайындалған мемлекеттік
саяси қызметшілердің бастамасы бойынша атқарып отырған
лауазымды мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін
негіз бола
алмайды.