Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру
ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ 28 бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы 1. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді
орындамағаны жəне тиісінше орындамағаны, лауазымдық
өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік жəне еңбек тəртібін
бұзғаны үшін, сондай-ақ осы белгіленген, мемлекеттік қызметте
болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік
қызметшіге тəртіптік жазалар:
ескерту;
сөгіс;
қатаң сөгіс;
қызметке сəйкес еместігі туралы ескерту;
атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.
Тəртіптік жазаны:
лауазымдық өкілеттігіне сəйкес осындай құқығы бар адамдар
қолданады;
жасағаны үшін заңда өзгедей жауаптылық көзделген əрекет
үшін қолдануға болмайды;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен
белгіленетін тəртіппен қолданады.
Тəртіптілік лайықсыз əрекетке жол берген мемлекеттік
əкімшілік қызметшіні оны тағайындаған басшы белгіленген
тəртіппен жауаптылығы туралы мəселе шешілгенге дейін
лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.
4. Мемлекеттік қызметші өз іс-əрекетінің заңсыздығы үшін
жауап береді. Атқару үшін алынған үкімнің заңдылығына
күмəнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына
жəне үкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға
тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған үкімді
жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші егер оны
орындау қылмыстық жазалануға тиіс əрекеттерге əкеп соқпайтын
болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз
үкімді орындауының салдары үшін осы үкімді растаған басшы
жауап береді.
5. Мемлекеттік қызметшілер қылмыс жəне өзге де құқық
бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгіленген негіздер
мен тəртіп бойынша тиісінше қылмыстық, əкімшілік, материалдық
жауапты болады.