еңбек
барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның
материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей,
еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой,
рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты
қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден
туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне
санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде жəне өзге
де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен
адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайды,
еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?
Көп жағдайда еңбек бірлескен
немесе ұжымдық сипатты
иеленеді. Бірлескен еңбектің нəтижесінде адамдар қоғамдық еңбек
қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін
ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне
жалданбалы еңбек. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен
қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.
Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес
тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі –
аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек
құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын
ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары
(меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пəніне кірмейді.
Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдаланбайтын
жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кəсіпкерлердің,
еңбек кооперацияларының қызметі жəне т.б. қызмет жатады.
Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды
тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т.б. орындарды
ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз дəріханасында, дүкенінде,
шаштаразында
жұмыс
істесе.
Жазушының,
ғалымның,
өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын
еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер
жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының
немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының
шеңберінде жүзеге
асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек
құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ,
Қарулы Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық əскерде,
ішкі жəне сыртқы барлауда əскери міндетін өткеру еңбек
құқығының пəніне жатпайды, олар əкімшілік құқықтың пəнін
құрайды. Аталған органдардағы
қызмет қарапайым жұмыс пен
еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет
мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.
Сонымен,
еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен
қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан
Достарыңызбен бөлісу: