Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет14/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық 
бірлестіктердің жəне азаматтардың ҚР Конституциясын жəне 
заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, 
абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР 
Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бəрінің 
тең екендігі, тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне 
мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, 
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты 
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай 
кемсітуге болмайтыны көзделген. Алайда, əлеуметтік немесе 
құқықтық қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіндегі 
ерекшеліктер, таңдау мен шектеулер кемсіту деп саналмайды. 
Мысалы, əйел адамдарға, кəмелетке толмаған қызметкерлерге, 
мүгедектерге жəне қорғауды қажет ететін өзге де тұлғаларға 
қызметіне қатысты жеңілдіктер беру. 


3 Т А Р А У 
 
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
 
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай 
мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін 
еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров 
атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада 
еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы 
нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын 
қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 
құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың 
материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде 
сипаттауға болады. 
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек 
қатынастарымен байланысты. 
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге 
асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, 
саяси жəне əлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-
қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек 
қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-
тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады. 
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс 
ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек 
құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың 
құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне 
өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі 
тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының 
қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын 
байқаймыз. 
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет