Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір
мамандыққа жəне біліктілікке оқыту құрайды.
Олардың мақсатты
бағыттылығы өндірістегі кəсіби білім алу арқылы азаматтарды білікті
қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады.
Кəсіби дайындыққа қатысты қатынастардың туындауы
азаматтардың ұйыммен шарт жасасуымен байланысты.
Бұл шарт
арқылы тараптар өздеріне кəсіби білім алуға қатысты өзара
міндеттемелерді қабылдайды. Кадрларды кəсіби дайындауға
қатысты қатынастардың ұзақтығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
Оқуды нəтижелі аяқтаған сайын азаматтар біліктілік емтихандарын
тапсырады. Оларға тиісті мамандық
пен біліктілік беріледі, бұдан
соң жұмыс берушінің бұйрығымен немесе өкімімен олар дербес
жұмысқа алынады жəне еңбек
қатынастарының толық құқылы
қатысушыларына айналады;
6.
жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын
Достарыңызбен бөлісу: