Алайда, олардың қандай құқық саласына жататынын анықтайтын
өздеріне тəн айырмашылықтары да бар.
Бұл қандай айырмашылықтар екен?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны
болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық
мердігерлік, тапсырма, əдеби тапсырыс шарттары бойынша) пəні
болып еңбектің өнімі табылады. Екіншіден,
қызметкер еңбек
қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық,
біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді. Үшіншіден,
қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде
атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының
режимін сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға
міндеттенеді.
Ал азаматтық қатынастарда
аталған талаптарды орындау
міндетті емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына
кірмейді, оған еңбек шарасын орындау, ұйымның жұмыс режимін
сақтау, ішкі еңбек тəртібінің белгіленген ережелеріне бағыну қажеттігі
таралмайды. Басқаша
айтар болсақ, азаматтық қатынастарда кімнің,
қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс
істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы жəне уақтылы
орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың
қажеттігі туды делік. Еңбек заңдарының нормаларына сəйкес
шартқа тұрған қызметкер ғана осы жұмысты орындауы қажет.
Сонымен қатар, ол еңбек тəртібін сақтай отырып,
ішкі еңбек
тəртібінің ережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда),
белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет жəне еңбек
нормасын күнделікті орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл
жұмысты қызметкердің өзі немесе оның бригадасы не оның
қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай алады. Олар
күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын
жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңызды емес. Ең
маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-
құқықтық қатынастарды ажырату
олардың мазмұнына қарай
жүргізіледі. Егер еңбек құқығының пəні болып тірі еңбек
барысындағы еңбек қатынастары табылса, азаматтық құқықтың
пəні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі, оның
нəтижесі табылады. Алайда, еңбек жəне
азаматтық қатынастарды
ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының
нормалары үстемдікке ие болады. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл қатынастар
еңбек
Достарыңызбен бөлісу: