Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет6/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

еңбек 
ұжымының 
жұмыс 
беруші 
жəне 
оның 
басшылығымен 
арасындағы 
еңбек-əлеуметтік 
сауалдар 
бойынша қатынастары. Олар негізінен өндірісті ұйымдастыру 
жəне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты 
ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың 
материалдық-тұрмыстық жəне мəдени нысандарын жақсартуға, 
ұйымның қорын ұтымды пайдалануға, еңбекті нормалауға жəне 
қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде 
мəселелерге байланысты болады. Бұл еңбек қатынастары жеке 
жəне ұжымдық еңбек шарттарының негізінде туындайды. Осы
шараттар тараптардың арасында белгілі бір еңбек қызметін жүзеге 
асыруға қатысты өзара міндеттемелерінің туындауына да негіз 
болып табылады. Бұл қатынастар еңбек құқығының басты пəні – 
еңбек қатынастарына қатысты қызметтік рөлді атқарады жəне 
еңбек қатынастарын ұйымдастыруға, оларды нақты бір қоғамдық 
еңбек кооперациясының шеңберінде басқаруға бағытталған; 
2. кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, 
еңбекке ақы төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері 
бойынша 
жұмыс 
беруші 
жəне 
оның 
басшылығымен 
арасындағы қатынастары
3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп 
жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 
қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың өздерінің 
қабілетіне жəне кəсіби дайындығына сай жұмыс табу мақсатында, 
жеке мүдделері мен қоғамдық қажеттіктерді ескере отырып
мемлекеттік органдарға жүгінуімен қатысты туындайды. Қазақстан 
Республикасында жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар 
жүйесінің болуы азаматтардың еңбекке қатысты конституциялық 
құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Əсіресе, азаматтар 
жұмыссыз қалған жағдайда жұмыс іздеуге немесе өздерінің жаңа 
мамандығы бойынша кəсіби дайындықтан өтуге қатысты 


қиындықтарға ұшыраған кезде олардың рөлі ерекше. Тəжірибе 
көрсетіп отырғандай, жұмыс іздеуге қатысты жəрдемді көп 
жағдайда əйелдер, оқу мекемелерін жаңадан тəмамдаған жастар, 
жұмыстан қысқартылған қызметкерлер қажет етеді. Жалпы алғанда 
жұмысқа орналасуға қатысты қатынастар еңбек қатынастарының 
алдында жүреді. Бұл ретте жұмысқа орналастыру жөніндегі 
органдар кадрларды қажет ететін ұйымдар мен белгілі бір 
мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысқа орналасуды 
қалайтын азаматтардың арасында делдалдық функцияларды 
атқарады. Ең басты міндетті – жұмысқа орналастыруды – шешу 
үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік қызмет 
органдары аумақтардағы жəне нақты ұйымдардағы бос жұмыс 
орындары мен қызмет туралы мəліметтер жинағына ие болады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет