Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет5/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір 
ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің 
ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің 
жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне 
тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс 
берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл 
элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс 
таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес
өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа 
мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе 
құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының 
өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында əлде 
түнде жұмыс істей ме жəне осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші 
үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мəселе – 
жұмыстың уақтылы жəне сапалы орындалуы; 
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен еңбек 
шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен 
байланысты; 
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа 
тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты; 
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек 
құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді 
жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша 
немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. Еңбекпен 
байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа 


алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек 
үрдісіне қарағанда еңбектің нəтижесі маңыздырақ болады; 
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық 
жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде 
тоқтатылады. 
2. Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы 
қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты 
қатынастарды да реттейді. Олар: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет