себебі бюджеттік қызметкерлер ретіндегі олар үшін Үкімет
биліктің атқарушысы органы да, бірыңғай жұмыс беруші де болып
табылады.
Ұжымдық келісімнің жағдайлары ұжымдық шарттың
жағдайлары сияқты өздері таралатын жұмыс берушілер үшін
міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт сияқты келісім де
еңбек
заңдарына қарағанда бағыныстылық рөлге ие болады,
сондықтан
келісімнің жағдайлары еңбек заңдарына қайшы болмауы жəне
олармен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауы
тиіс, бұлай болмағанда келісімнің жағдайлары жарамсыз болып
табылады.
Қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарына (келісімдеріне)
заңдармен,
ұжымдық
шарттармен
жəне
келісімдермен
салыстырғанда
қызметкерлердің
жағдайын
нашарлататын
жағдайларды енгізуге тыйым салынады.
Қызметкерге əр түрлі келісімдердің (мысалы, салалық жəне
облыстық) күші таралатын жағдайда осы келісімдердің қызметкер
үшін анағұрлым қолайлылары бас күшке ие болады.
Келісім – бұл бағаның өсуіне қарай еңбекке ақы төлеуді
жоғарылатуға, еңбекті қорғауды жəне əлеуметтік-тұрмыстық
қызмет көрсету мен еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбек
дауларының алдын алуға жəне шешуге, сонымен қатар
қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында биліктің атқарушы
органының араласуымен əлеуметтік бітімгершілікті сақтауға
бағытталған акт. Міне, осылардан келісімнің мəнін түсінуге
болады.
Əлеуметтік-əріптестік келісімдер əрекет ету саласы бойынша
келесі түрлерге бөлінеді:
·
басты келісім, бұл акт əлеуметтік-еңбек
қатынастарын ең
жоғары деңгейде реттеудің жалпы қағидаларын белгілейді. ҚР
Президентінің 1994 жылғы 19 желтоқсандағы «Əлеуметтік-
экономикалық жəне еңбек қатынастары саласындағы əлеуметтік
əріптестік туралы» қаулысымен республикалық деңгейде Қазақстан
Республикасының Үкіметі, кəсіподақтардың республикалық
бірлестігі
мен
жұмыс
берушілердің
республикалық
бірлесітігінің арасындағы еңбек жəне өзге де əлеуметтік-
экономикалық мəселелер бойынша басты келісімді жыл сайын
жасасу тəжірибесі енгізілген. Бұл келісімде тараптардың халықты
жұмыспен қамту, еңбекке ақы төлеу жəне азаматтарға тиесілі өзге де
кепілдіктер, əлеуметтік жағдайы нашар тұлғаларды əлеуметтік
қорғау, қоғамда ұлттық келісім мен бітімгершілікті қамтамасыз ету
саласындағы міндеттемелері басым сипатқа иеленген.
Сонымен
қатар, мемлекеттік басқару органдарының, кəсіподақтар мен жұмыс
берушілер бірлестіктерінің арасында осыған ұқсас облыстық жəне
салалық келісімдерді жасасу, облыстық жəне салалық деңгейде
тұрақты қызмет ететін үшжақты комиссияларды
құру дұрыс деп
танылған;
·
облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) келісімдері
облыстық атқарушы органдардың, кəсіподақтар мен жұмыс
берушілер бірлестіктерінің облыста келісілген əрекеттерді жүзеге
асыруды көздейтін жазбаша шарттары;
·
салалық (тарифтік) келісімдер – мемлекеттік салалық
басқару органдарының, кəсіподақтар
мен жұмыс берушілер
бірлестіктерінің салада келісілген əрекеттерді жүзеге асыруды
көздейтін жазбаша шарттары.
Басты, облыстық (Астана жəне Алматы қалаларының) жəне
салалық (тарифтік) келісімдерді жасасудың мақсаты – тараптардың
белгілі бір аумақтағы, саладағы жəне мамандықтағы қызметкерлер үшін
əлеуметтік
кепілдіктерді,
еңбек,
жұмысқа
орналастыру
жағдайларын белгілеуге қатысты міндеттемелерін белгілеу.
Басты, облыстық (Алматы жəне Астана қалаларының) жəне
салалық
(тарифтік)
келісімдерге
тараптардың
(үшжақты
комиссияның) өкілдері қол қояды. Келісімдер тараптар қол қойған
күннен немесе осы келісімдердің өзінде көрсетілген күннен бастап
күшіне енеді. Келісімдерде белгіленген нормалар кəсіподақтағы
мүшелігіне жəне əр түрлі кəсіподақтарға мүшелігіне қарамастан
тиісті деңгейдегі барлық қызметкерлерге таралады.
Келісімге қол қойған соң тараптардың əрқайсысына өздеріне
қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін
жауапкершілік
жəне міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзбау міндеті
жүктеледі. Келісімдердің орындалу барысы əрбір тоқсан сайын
жəне
жыл
қорытындысы
бойынша
бұқаралық
ақпарат
құралдарында жарияланады. Мерзімі аяқталған келісімдер
тараптардың келісуі бойынша келіссөздер жүргізу кезінде одан əрі
бір тоқсаннан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: